2024 жылға автомобиль жолдарын жөндеу бойынша:
1.«БҚО, Тасқала ауданы Оян ауылына кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу». Жолдың жалпы ұзындығы 38,0 км. Жобаның жалпы құны 1 518 894,0 мың тг. Мердігер «Асфа» ЖШС-гі. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 78 601,0 мың тг қаражат бөлініп 2022 жылы басталды. 2023 жылға 1 040 293,0 мың тг қаражат бөлінді. 2024 жылға жалпы соманың қалған бөлігі, яғни 448 555,0 мың тг қаражат бөлінді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, нысан 16.10.2024ж. қабылданды. Жұмыстың орындалуы – 100%.
2. «БҚО, Тасқала ауданы Мерей ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу». Жолдардың жалпы ұзындығы 4,47 км. Жобаның жалпы құны 532 005,0 мың тг. Мердігер «Тоби» ЖШС-гі. 2023 жылға 239 403,0 мың тг қаражат бөлінді. 2024 жылға жалпы
соманың қалған бөлігі, яғни 292 602,0 мың тг қаражат бөлінді. Нысан бойынша құрылысмонтаждау жұмыстары аяқталып, 14.11.2024ж. қабылданды. Жұмыстың орындалуы – 100%.
3. «БҚО, Тасқала ауданы Ақтау ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу». Жолдардың жалпы ұзындығы 5,6 км. Жобаның жалпы құны 716 855,0 мың тг. Мердігер «Тоби» ЖШС-гі. 2023 жылға 351 011,0 мың тг қаражат бөлінді. 2024 жылға жалпы соманың
қалған бөлігі, яғни 365 839,0 мың тг қаражат бөлінді. Нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, 27.11.2024ж. қабылданды. Жұмыстың орындалуы – 100%.
4. «БҚО, Тасқала ауданы Мереке ауылына кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу». Жолдың жалпы ұзындығы 5,6 км. Жобаның жалпы құны 464,638 млн тг. 2024 жылға қаражат толығымен бөлінді. Мердігер «Тоби» ЖШС. Қазіргі таңда уақытта 2,4 км-ге асфальт
жабындысы төселді, 3,2 км-ге ресайклеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстың орындалуы – 40%.
Көшпелі тәсілмен 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
2025 жылға жоспар:
«БҚО Чижа-2 ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу» жобасы бойынша: Жоба бойынша жөнделетін жолдың жалпы ұзындығы 4,913 км, ені 6,0 м құрайды. Сараптама қорытындысы 17.04.2024 ж. №ОЕХР-0038/24. Жобаның жалпы құны – 586 607,0 мың теңге. Бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланып, нәтижесі бойынша: Мердігер «Асфа» ЖШС, келісімшарт 18.12.2024ж. №93, келісімшарт сомасы 547 991 282,83тг;
Техникалық қадағалаушы «Alkharu Group» ЖШС, келісімшарт 18.12.2024ж. №94, келісімшарт сомасы 13 865 733,50 тг. Авторлық қадағалаушы «Zigmund» ЖШС, келісімшарт жасақталуда.
Дайын жобалық-сметалық құжаттамалар:
1. «БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылының Б.Момышұлы, Қ.Сәтпаев,
С.Сейфуллин, ҚАманжолов, Сабиров, Ш.Қалдаяков, Жеңіс, Сәулет ш.а. және Б.Төлегенова, Т.Масин, Амангелді көшелерінің автомобиль жолдарының бөлігін күрделі жөндеу» жобасы бойынша: Жоба бойынша жөнделетін жолдың жалпы ұзындығы 4,25 км, ені 6,0 м құрайды. Сараптама қорытындысы 21.04.2021ж. №Эксконцентр-0024/21. Жобаның жалпы құны – 226 778,0 мың теңге. Сметалық түзету жұмыстары жүргізілуде, аяқталу мерзімі болжаммен 2025
жылдың 15 наурыз.
2. «БҚО, Тасқала ауданы Тасқала ауылына кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу» жобасы бойынша: Жоба бойынша жөнделетін жолдың жалпы ұзындығы 2,5 км, ені 6,0 м құрайды. Сараптама қорытындысы 09.09.2022 ж. №ЭКЦ-0008/22. Жобаның жалпы құны – 243
787,0 мың теңге. Сметалық түзету жұмыстары жүргізілуде, аяқталу мерзімі болжаммен 2025 жылдың 15 наурыз.
3. БҚО Тасқала ауданы Атамекен ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу» жобасы бойынша: Жоба бойынша жөнделетін жолдың жалпы ұзындығы 4,2 км,
ені 6,0 м құрайды. Сараптама қорытындысы 07.02.2024 ж. №ЭКЦ-0004/24. Жобаның жалпы құны – 435 075,0 мың теңге.
4. «БҚО Тасқала ауданы Амангелді ауылындағы ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту» жобасы бойынша: Жоба бойынша жөнделетін жолдың жалпы ұзындығы 6,813 км, ені 6,0 м құрайды. Сараптама қорытындысы 15.03.2024 ж. №ЭКЦ-0014/24. Жобаның жалпы құны – 739 326,0 мың теңге.
5. «БҚО, Тасқала ауданы Шежін-1 ауылына кіреберіс жолды қайта жаңғырту» жобасы бойынша: Жоба бойынша жөнделетін жолдың жалпы ұзындығы 2,3 км, ені 6,0 м құрайды. Сараптама қорытындысы 24.07.2024 ж. №ЭКЦ-0046/24. Жобаның жалпы құны – 201 517,0 мың теңге.
Электр жарығымен қамту мәселесі:
Тасқала ауданы бойынша электр желісінің ұзындығы – 578,7 км, ауылішілік электр желісінің ұзындығы (ЛЭП) – 322,2 км. Аудан бойынша КТП саны 130, тозуы 89 пайыз. Қатты жел салдарынан әсіресе қыс мезгілінде қатты боран күндері электр желілерінің тозуы салдарынан
жиі сөнуі орын алады. Қысқы мезгілде электр желілерінде авариялық жағдайлар орын алған «Батыс Қазақстан облысының электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның аудандық филиалының 3 адамнан тұратын бригадасы Уаз немесе Газель автокөліктерімен кемшіліктерді
жою бағытында жұмыстар атқарады.
2025 жылға жоспар:
«БҚО Тасқала ауданы Ақтау ауылындағы электр желілерін қайта
жаңғырту» жобасы бойынша: Жоба бойынша 17 км - дан астам әуе желісі тартылып, 193 дана сыртқы жарықтандыру құрылғыларын орнатып және 7 дана КТПН ауыстыру жоспарланып отыр.
Сараптама қорытындысы 19.06.2024 ж. № OEXP-0060/24. Жобаның жалпы құны – 279 382,0 мың теңге.
2024 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында атқарылған жұмыстар:
1. "БҚО, Тасқала ауданы Тасқала ауылындағы Шевченко, Маметова, Панфилов, Чурилин, Кенжин, Жеңіс, Садовая көшелері бойынша көше жарығын қайта жаңарту". Мердігер «Жайық Жарығы» ЖШС. Жобаның жалпы сомасы – 157 569,0 мың теңге; Жоба бойынша 8,8 км 0,4 кВ
электр желісін, 297 дана электр бағаналарын және 281 дана көше шамдарын ауыстыру көзделіп отыр. 2024 жылға 64 967,0 мың тг қаражат бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.
Бүгінгі күнге бағаналарды орнату жұмыстары жүргізілді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын көшепелі тәсілмен 2025 жылға аяқтау жоспарланып отыр.
2. « БҚО, Тасқала ауданы Мерей ауылындағы электр желілерін қайта жаңғырту». Мердігер «UES» ЖШС. Жобаның жалпы сомасы 124 318,0 мың тг. Көшелеріндегі жарықты қайта жаңарту бойынша электр желісінің ұзындығы 14.3 км. Жұмыстар толығымен аяқталып, нысан
22.11.2024ж. қабылданды. Тұрғындарды ауыз сумен қамту саласы
2024 жылы Еменжар, Аккүтір, Жігер елді-мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз аясында күн энергиясымен қолданылатын кешенді блок модуль су тазартқыштары орнатылды. Әр кешенді блок модульдің бағасы 19 000,0 мың тг. Жолаушыларды тасымалдау саласы
Тасқала ауданы бойынша Тасқала ауылы ішінің жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруты қызметімен 2019 жылдын бастап «Арғымақ» жеке кәсіпкері айналысып келеді. Маршрут атауы: №1 маршрут «С.Жақсығұлов» шағын ауданы аялдамасы – «Сәулет» шағын ауданы аялдамасы. Жолаушыларға ұсынылған бекітілген тариф - 50 теңге.
2023 жылдың желтоқсан айында аудан бойынша кезекте тұрған әлеуметтік осал топ азаматтарына жеке тұлғалардан 8 тұрғын үй сатып алынды. 2024 жылы кезекте тұрған азаматтарға берілді.