Меню

Страницы

Статья

Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің 2024 жылдың 10 айында атқарылған жұмысы туралы ақпарат

Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 10 айында атқарылған жұмысы
туралы ақпарат
«Ауыл–Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Мерей ауылында
мәдени сауықтыру орталығының құрылысы 2023 жылы басталып, мердігер
«АксайСтройСервис» ЖШС (Орал қаласы), тех.қадағалаушы «Дирекция
строительства и технического обследования» ЖШС (Тараз қаласы),
авторлық қадағалаушы «СРБ-А» ЖШС (Орал қаласы).
Жоба құны 261 983,98 мың теңгені құрады.
Құрылыс–монтаждау жұмыстары 2023 жылы 11 шілде айында
басталды.
Құрылыстың мерзімі – 6 ай.
Нысан 2024 жылдың 29 ақпанында аяқталып, қабылдау актісіне қол
қойылып, нысаның салтанатты ашылуы 20 наурызда өтті.
Қазіргі уақытта «Тасқала ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тасқала ауданының спорт клубы»
МКҚК–на теңгерімге беруге құжаттар рәсімделуде.
КПО б.в. қаражаты есебінен әлеуметтік инфрақұрылымдық
жобалар аясында Тасқала ауданы орталығында жүзеге асырылып жатырған
жоба:
«Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылында
320 көрермен орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу»
жобалау-сметалық құжаттамасына 2022 жылы түзету жұмыстары жүргізіліп,
сараптаманың №04-0288/22 оң қорытындысы 2022 жылдың 9 қарашасында
шықты. Жобалаушы мекеме «ПроектСтройИнжиниринг» ЖШС (Орал
қаласы). Құрылыстың мерзімі – 14 ай. Жоба құны 1 245 889,0 мың теңге.
2023 жылы КПО б.в. компаниясы құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау үшін
тендерлік рәсімдер жүргізді. Бас мердігер мекемесі болып «QS Capital
Construction» ЖШС (Орал қаласы) анықталды.
Құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылдың шілде айында басталып,
ағымдағы жылдың 13 қарашасы күні нысанның салтанатты ашылуы өтті.
Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
мемлекеттік мекемесі арқылы 2023–2024 жылы жасақталған жобалықсметалық құжаттамалары, олар:
«Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Тасқала ауылында
2 үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы және оларға
инженерлік инфрақұрылымдарын салу» жобасы бойынша сараптама
қорытындысының мерзімі аяқталуына байланысты 2023 жылы 23 ақпандағы
№9 келісім шарт негізінде түзету жұмыстары басталды. Жобалаушы ұйым
«КАЗПРОЕКТ ST» ЖШС (Орал қаласы). Шарттың жалпы сомасы –
2 958,579 мың теңге. Түзету жұмыстардың орындау мерзімі – 3 ай.
Қазіргі таңда жоба дайын, 2024 жылдың 29 маусымында ведомстводан
тыс кешенді сараптамадан өтіп, №ABAEX-0017/24 оң сараптама
қорытындысы шықты.
Құрылыстың сараптама бойынша жалпы құны 1 924 706,0 мың теңге
құрайды.
«БҚО Тасқала ауданы, Тасқала ауылында 200000 бірлік
құжаттарды сақтауға арналған архив ғимаратының құрылысы» жобасы
бойынша, жобалаушы мекеме «STROYCONSALTING» ЖШС (Орал
қаласы).
Қазіргі таңда жоба дайын, ведомстводан тыс кешенді сараптамадан
өтіп, 2024 жылдың 15 маусымында №SBEX-0065/24 оң сараптама
қорытындысы шықты.
Құрылыстың сараптама бойынша жалпы құны 567 009,0 мың теңге
құрайды.
ЖСҚ 2025 жылы іске асыралатын СИП жобасы ретінде КПО б.в.
компаниясына жұмыстану үшін жолданылды.
«БҚО Тасқала ауданы, Өркен ауылына газ құбырының
құрылысы» жобасы бойынша, жобалаушы мекеме «ZIGMUND» ЖШС
(Орал қаласы), 2024 жылдың 20 мамырында №04-0168/24 сараптама
қорытындысы шықты, құрылыстың жалпы құны – 83 287,0 мың теңге
құрады.
Сараптаманың қорытындысын негізге алып Батыс Қазақстан
облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
басқармасына аудан әкімінің атынан қаражатты бөлуді қарастыру туралы хат
жолданды. Бюджеттік өтінім қосымша жолданды. Қазіргі таңда
қаржыландыру күтілуде.
«Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Ақтау ауылындағы
мәдениет үйінің ғимаратын қайта жаңарту» нысаны бойынша жобалаусметалық құжаттаманы әзірлеу және инженерлік-геодезиялық
іздестірулер жүргізу жобасы бойынша 2024 жылы 2 маусымдағы №29
келісім шарт негізінде жобалау жұмыстары басталды. Жобалаушы ұйым
«MG Design Incorporated» ЖШС (Орал қаласы). Шарттың жалпы сомасы –
3 600,43 мың теңге.
Қазіргі таңда жоба дайын.
Жобалау-сметалық құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді
сараптамадан өтуге құжаттар дайындалуда. Жобаның сараптамадан оң
қорытындысы шыққаннан кейін, 2025 жылы жүзеге асыру үшін бюджеттік
өтінім ұсынылады.
«Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Шежін-2 ауылы,
Б.Карменова көшесі, №40 мекен жайы бойынша орналасқан мәдениет
үйінің ғимаратын қайта жаңарту» нысаны бойынша жобалау- сметалық
құжаттаманы әзірлеу және инженерлік-геодезиялық, инженерлікгеологиялық іздестірулер жүргізу жобасы бойынша 2024 жылы 22
маусымдағы №34 келісім шарт негізінде жобалау жұмыстары басталды.
Жобалаушы ұйым «ПроектБизнесИнвест» ЖШС (Орал қаласы). Шарттың
жалпы сомасы – 3 214,29 мың теңге.
Қазіргі таңда жоба дайын, ведомстводан тыс кешенді сараптамадан
өтіп, 2024 жылдың 21 қарашасында №OREXGR-0088/24 оң сараптама
қорытындысы шықты.
Құрылыстың сараптама бойынша жалпы құны 313 681,0 мың теңге
құрайды.
Жобаны 2025 жылы жүзеге асыру үшін бюджеттік өтінім ұсынылады.
Сонымен қатар демеушілік есебінен «БҚО, Тасқала ауданы, Достық
ауылдық округі, Достық ауылының Шамов көшесінен, мәдени-спорт
кешенін салу» жобасы бойынша, жобалаушы мекеме
«ПроектСтройИнжиниринг» ЖШС (Орал қаласы).
Қазіргі таңда жоба дайын, ведомстводан тыс кешенді сараптамадан
өтіп, 2024 жылдың 28 мамырында №OEXP-0051/24 оң сараптама
қорытындысы шықты.
Құрылыстың сараптама бойынша жалпы құны 815 312,0 мың теңге
құрайды.
ЖСҚ 2025 жылы іске асыралатын СИП жобасы ретінде КПО б.в.
компаниясына жұмыстану үшін жолданылды.
«БҚО Тасқала ауданы, Алмалы ауылына газ құбырының
құрылысы» жобасы бойынша, жобалаушы мекеме «Орал Град Проект»
ЖШС (Орал қаласы).
КазТрансГаз Аймақ мекемесінен техникалық шарт алынды.
Қазіргі таңда газ құбырының құрылысына «ЭлитСтройМастер»
ЖШС (Орал қаласы), арқылы жер рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп, жобалаусметалық құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтуге
құжаттар дайындалуда.
Тұрғын үйлер бойынша жазбаша ақпарат
«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-
2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысына
сәйкес, ағымдағы жылы Республикалық, Мемлекеттік құңды қағаз және
облыстық бюджет есебінен Тасқала ауданы бойынша (халықтың әлеуметтік
осал топтарына арналған) тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға 2 пәтерлі 17
тұрғын үй құрылысы салынды.
Тұрғын үйлерді сатып алуға, жалпы – 652 412,0 мың теңге қаражат
бөлінді.
Ақтау ауылында 5 үй, Мерей ауылында 4 үй, Атамекен ауылында 4 үй,
Амангелді ауылында 3 үй, Шежін 2 ауылында 1 үйдің құрылыс-монтаж
жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталған болатын.
17 үйдің құрылысына 5 мердігер мекеме және жеке тұлғалар қатысты.
«КазПроектСервис LTD» ЖШС – 6 үй Мерей, Атамекен ауылдарында.
«NS GROUP» жеке кәсіпкері – 4 үй Ақтау ауылында.
«Остов» ЖШС – 5 үй Амангелді, Атамекен, Шежін 2 ауылдарында.
Шелеуов Нуртай (жеке тұлға) – 1 үй Амангелді ауылында.
«Джумагалиева Акнур» ЖК – 1 үй Ақтау ауылында.
Қазіргі таңда барлық үйлердің құрылыс-монтаждау жұмыстары
аяқталып, кезең кезеңімен қолданысқа берілуде.
Ағымдағы жылдың қараша айында 16 пәтердің кілті кезекте тұрған
азаматтарға салтанатты түрде табысталды, қалған үйлерді табыстау
жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша:
Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
арқылы 2024 жылдың қаңтар-қазан айында барлығы - 335 қызмет
көрсетілді, оның ішінде: электрондық түрінде – 301 (Құрылыс және
реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу
кезінде бастапқы материалдарды ұсыну – 119, Эскизді (эскиздік жобаны)
келісуден өткізу – 116, "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы
көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 1, Объектілерді кейіннен кәдеге
жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге
рұқсат беру – 65), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілген
мемлекеттік қызметтер саны – 34 (Қазақстан Республикасының аумағында
жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша
анықтама беру).
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 11 дәлелді бас тарту
болды, олардын алтауы (6) Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу
және «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет және бесеуі (5) «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау,
қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды
ұсыну» мемлекеттік қызметі боыйнша бас тартылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қызмет алушылардан арызшағым түскен жоқ.
Тәртіптік жауапкершілікке тартылған азаматтар болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызметтерді алушылардың құқығы бұзылған жоқ.

Дата публикации
12 июня 2024
Дата обновления
12 июня 2024
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
02 июля 2026
ҚҰРЫЛТАЙ - 2026
18 февраля 2026
Референдум -2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы