Меню

Страницы

Статья

Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы саласының 2024 жылдың 9 айы бойынша дамуы туралы ақпарат

Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы саласының 2024 жылдың 9 айы бойынша дамуы туралы ақпарат

Тасқала ауданы экономикасының негізін ауыл шаруашылық саласы
құрайды.Президент өз Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне басты
назар аударып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішкі сұранысын толық көлемде өз
өнімдерімізбен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
2024 жылдың 1 қазанға 1154 кәсіпкерлік есепте болса, 510 шаруа қожалығы,
529 ЖК және 115 заңды тұлғалар ( ЖШС, АШӨК) тіркелген.
Өсімдік шаруашылығы
2024 жылдың барлығы далалық жұмыстары 50508 га жерде жүргізілді:
Соның ішінде: күздік дәнді дақылдар – 6117 гектар.
Жаздық дәнді дақылдарының егілгені барлығы 25330 га (119% ) тапсырма
21340 га, соның ішінде;
- Жаздық бидай (пшеница), егілгені – 18270 гектар, тапсырма – 15500 га,
орындалуы 118% құрайды
- Арпа (ячмень), егілгені – 5042 гектар, тапсырма – 5620 га (90 %),
- тары (просо) , егілгені – 230 га
- сұлы – 300 га;
- жасымдық (чечевица) – 415 га;
- дәнді құмай (сорго зерновое) 160 га, егілгені – 370 га ( 231 %),
- ноқат (нут) – 704 га.
- Майлы дақылдар, барлығы егілгені – 8523 га, орындалуы 79%,(тапсырма
10740 га) соның ішінде;
- мақсары (сафлор) – 3322 гектар егілді (64%), тапсырма – 5180 га
- күнбағыс егілгені – 5201 га (98,9%); тапсырма – 5260 га
Мал азықтық дақылдарының барлығы – 10538 га, соның ішінде:
бұрынғы жылдары егілген көпжылдық шөп – 6358 га,
2024 жылы егілгені – 4180 га (86%) тапсырма – 4870 га соның ішінде; көпжылдық
еркек шөбі (житняк) – 810 га, біржылдық шөптер (судан шөбі) – 3270 га, соргосудан гибриді 100 га.
2024 жылға - 500 тонна минералды тыңайтқыштар алу жоспарлануда.
( тапсырма 3600 тонна) 2024 жылдың басынан 438,0 тонна алынды. Қосымша 150
тоннаға келісімшарт жасақталды.
2024 жылы көкөніс 12 га, бақша 13,51 га, картоп 22,0 га егілсе, с.і. 18,9 га
ұжымдық бақша егілді (картоп 17,9 га және 1,0 га көкөніс).
Аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егісін жинау жұмыстары
аяқталды, соның ішінде барлық күздік дәнді дақылдар 6117 га, жалпы алынған өнімі
7082 тонна,(орташа – өнімділігі 12 ц/га); жаздық дәнді дақылдар 25330 га егіс
алқаптан( 100%) 7,6 ц/га орташа өнімділігімен 19179 тонна өнім алынды,
Майлы дақылдар егісін (егілген 8352 гектардан, жалпы алынған өнім 6065
тонна, орташа өнімділігі 7,1 ц/га құрады.
Күздік дәнді дақылдардың 2025 жылға жоспарлы егілуі бойынша қазіргі таңда
8 шаруа қожалығымен 4368 га (соның ішінде ақ бидай – 3613 га, қара бидай – 755
га) егілген болатын.
2024 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарының егісін жинау жұмыстарына
ауданға 813 тонна арзандатылған жанар-жағар май (дизтопливо) бөлінді. 2024
жылдың 25 қыркүйекке –731,2, тоннаға келісім-шарт жасалып, 487,2 тоннасы
алынды. (59,9 %)
Мал шаруашылығы
2024 жылдың 1 қазан жағдайына статистикалық мәліметке сәйкес ірі қара
мал саны 45393 басқа жетіп, 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,8 %-
ға (40233), қой 101467 бас құрап, 16,3 %-ға (87222), жылқы 18209 басты құрап,
8,1 %-ға (16837) артса, ешкі 5965 бас құрап, 20,15 %-ға (7470), құс 19250 бас
құрап, 57,7 %-ға (45513) кеміген.
Аталған кезеңде 3550,3 тонна (2023ж.- 3657,3 тонна, 97,07%) ет (тірілей
салмақта), 10523,2 тонна (2023ж.- 12970,7 тонна, 81,13%) сүт, 2033,7 мың дана
(2023 ж.-3256,3 мың дана, 62,45%) жұмыртқа, 128,9 тонна (2023 ж.-114,8
тонна,112,4 %) жүн өндірілді.
Тасқала ауданының биылғы мал қыстағына кіруге күтілетін шартты мал басы
51,9 мың бас, меншіктің барлық нысанындағы шаруашылықтардың қарамағындағы
мал басын қыс мезгілінде сапалы мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында 2024-
2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына сәйкес мал қыстаққа 114,6 мың тонна
шөп, 11,9 мың тонна жем, 200 тонна сүрлем, 80 тонна пішендеме дайындалуы
жоспарлануда. Бүгінгі күні (ағымдағы жылдың 12 қараша жағдайына) барлығы
дайындалғаны 137,3 мың (ШҚ-105,4 мың т, ЖҚШ -31,9 мың т) тонна (119,0%), соның
ішінде нақты 125,3 мың тонна шөп, 500 тонна сабан, 1,8 мың тонна пішендеме, 11,9
мың тонна жем дайындалды, орташа түсімі әр гектардан 4,0 центнерден
келді,сонымен қатар өткен жылдан 12,0 мың тонна шөп қалған.
2024 жылға мал азығын дайындау жұмыстарына ауданға 370 тонна
арзандатылған жанар-жағар май (дизтопливо) бөлінді. 2024 жылдың 25 қыркүйегіне
–369,0 тоннаға келісім-шарт жасалып, 259,9 тоннасы алынды.
Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау арқылы ауданда мал шаруашылығы
саласы тұрақты дамып келеді. Қазіргі таңда ауданның 97 агроқұрылымынан
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгi
мен сапасын арттыруды субсидиялау» ережесі бойынша 293 млн. 990 мың 600
теңге (2023 ж.- 451 млн.163 мың 900 теңге) субсидия төленді.
Сонымен қоса, жалпы аудан бойынша «Инвестициялық салымдар кезінде
агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу
бойынша» субсидиялау ережесі бойынша 2024 жылдың 9 айында 45
шаруашылыққа жоғарыда аталған ережеге сәйкес (ауыл шаруашылығы
техникаларын сатып алу) шығындарын өтеу бағытында 373 млн. 434 мың 580
теңге субсидия төленді.
Ауданға инвестиция тарту мәселесі қарқынды жүріп келеді. Жалпы жыл
басынан 1050,3 млн.теңгеге ( с.і. лизингке – 987,3 млн.т) жаңа АШ техника және
242,7 млн теңгеге 639 бас ІҚМ, 10,6 млн. теңгеге 180 бас асыл тұқымды ұсақ мал
сатып алынды. Осылайша ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция
көлемі 1303,6 млн. теңгені құрады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығындағы негізгі
капиталға салынған инвестициялар 941,2 млн. теңгені құрады (2024 жылдың 1
қазанына).
Жылдың басынан аудан шаруашылықтарымен 29 бірлік трактор, 6 бірлік астық
жинайтын комбайны, 34 құрал-жабдық сатып алынды.
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту мақсатында, 2021-2023 жылдары
аудан бойынша 131 трактор, 5 егін егу кешені,10 астық жинайтын комбайн, 14
дәнсепкіш (сеялка), 15 топырақ өндеуге арналған(почвообрабатывающая) техника,
134 бірлік мал азығын дайындауға арналған ауылшаруашылық техника сатып
алынып, 5,8 млрд. тенге инвестициялық салымдар тартылды.
Тасқала ауданына бекітілген лимитке сәйкес 2024 жылы «Ауыл аманаты»
жобасы аясында жалпы құны 348,9 млн. теңгені құрайтын 41 жобаны жүзеге асыру
жоспарлануда.
Қазіргі таңда аудан бойынша Сенім білдірген өкіл «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ ұсынған
мәліметке сәйкес, 2024 жылдың басынан жалпы 169,2 млн. теңгеге 24 өтінім
қабылданып, солардың 5-уі (56,5 млн. теңге) қарастырылуда, 12-сі (44,0 млн.теңге)
мақұлданып, өтінімдердің 7-уі (46,7 млн.теңге) төленіп үлгерді.
Төленген тінімдердің 2-уі 2023 жылғы игерілмеген қаржы есебінен:
- 1 өтінім «Алибек» ЖК (Атамекен ауылының тұрғыны Дильмухамбетов
Сұлтан Радикович) өсімдік шаруашылығы (бау-бақша) бағытында (қияр, қызанақ,
картоп т.б. өнімдерін өсіруге) 3,6 млн.тг,
- 1 өтінім құс шаруашылығы бағытында (Тасқала ауылының тұрғыны Фрей
Наталья Андреевна 8,9 млн. теңге (с.і. 5760 бройлер жұмыртқасын, 2 инкубатор
(закладной (1480 мың тг), выводной (1492 мың тг)), құсқа арналған жем алуға 800 мың тг).
Қалған 5 өтінім 2024 жылғы қаржысы есебінен:
1. «Нұргелді» ЖК (Тасқала ауылдық округінің тұрғыны Сисенгалиева Айбақыт)
кафеге арналған құрал-жабдықтар алу бағытында 9,2 млн.тг,
2. «Clean House» ЖК (Тулемисова А.) тазалау қызметтерін көрсету бағытында
7,8 млн.тг.
3. Куангалиева» ЖК (Куангалиева Д.Т.) құрал-жабдық сатып алуға 5,0 млн.тг,
4. Құс шаруашылығы Қазақстан ауылдық округінің тұрғыны Мухтарова Бақыт
(1100 құс) 5,0 млн.тг.
5. «Утемисова» ЖК (Утемисова С.Е.) құрал-жабдық сатып алу бағытында 7,2
млн.тг.
Жоба аясында 2023 жылғы несиеленушілермен 64 жұмыс орны құрылса (мұнда
жаңадан құрылған жеке кәсіпкерлер кіреді аудандық мансап орталығы арқылы бұл
бағдарлама аясында 6 жұмыс орны құрылды. 16 кәсіпкер әлеуметтік төлемдерін (1
млн 052 мың теңге) жүргізді. Бүгінгі күнге 125 бас сиыр, 749 қой төлдеді.
Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау арқылы ауданда мал шаруашылығы
саласы тұрақты дамып келеді. Қазіргі таңда ауданның агроқұрылымдарынан «Асыл
тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен
сапасын арттыруды субсидиялау» ережесі бойынша ауыл шаруашылық
жануарларына асылдандыру жұмыстарын жүргізу арқылы, сондай-ақ іске асырылып
жатқан «Ауыл Аманаты» жобасы аясында малдың сатып алынуы есебінен мал басы
саны көбейеді деп жоспарланып отыр.Малдың өсуімен қатар ауыл шаруашылығы
өнімдерінің көлемі де артпақ.
Ауданның мамандануына қарай жүргізілген мониторингке сәйкес әлеуметтік
маңызы бар азық түлік тауарларына жататын 19 түрінің 8-і өндіріледі деп
жоспарлануда. Олар: сүт, ет, картоп, сәбіз, сүзбе, сары май, пияз, қырыққабат.
Жобаларды жүзеге асырған уақытта сүт өнімдерін (сүт, қаймақ, айран, сары май,
ірімшік, чечил, қайнатылған құрт) сату мақсатында аудан дүкендеріне өткізу
жұмыстары ұйымдастырылатын болады. Жобалардың іске асырылуы нәтижесінде
53 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда.
Осы жобаларды іске асырғаннан кейінгі алынуы жоспарланған өнім :
- 23,0 тонна картоп,
- 8,0 тонна сәбіз,
- 9,1 тонна қырыққабат,
- 11 тонна құс еті ,
- 18,2 тонна қой еті (1975 бас ҰҚМ*80%=1580 қозы:2=790 еркек тоқты, 790*23=18,2т),
- 400 тонна сүт өнімі (249 бас сиыр, с.і. 78 асыл тұқымды).
Бұдан басқа әр түрлі қаржылық институттардан лизинг арқылы немесе өз
қаржысына сатып алынатын техникалардың саны көбейеді.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының
өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау ережесі бойынша ауданға
келетін субсидия көлемінің көбеюі күтілуде. Ірі қара, кой малдарының аналығын
көбейтіп, селекциялық жұмыстарға қатысатын тауарөндірушілердің санын көбейту
арқылы Үкімет тарапынан беріліп жатырған көмекқаржы (субсидия) ауданға көбірек тартылады.

Дата публикации
12 июня 2024
Дата обновления
12 июня 2024
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
02 июля 2026
ҚҰРЫЛТАЙ - 2026
18 февраля 2026
Референдум -2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы