2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында аудан бойынша жалпы ұзындығы 3 780 метр су өткізетін арналарды тереңдету және тазарту жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда 105 тонна инерттік материал (құм), 3600 қаптар құммен толтырылып дайындалды, жанар-жағармай материалдары Дизельдік отын - 10 тонна, бензин - 5 тонна, 1 бірлік үрмелі қайық, 10 дана құтқару жілеттер, 10000 дана қап және 1 бірлік мұз кесуге арналған ара бар.
Қосымша жанар-жағармай материалдары (бензин-5 тонна, дизельдік от-5 тонна) сатып алу бойынша тиісті шаралар жүргізілуде.
Су тасқыны қауіпті кезеңіне 123 адам, еріген қар суын соруға аудан бойынша 17 мотопомпа, 5 бірлік су соратын техника, 75 бірлік техника, 15 бірлік эвакуацияға арналған техника, 24 бірлік жеңіл авто көліктері және зардап шеккен халықтың жеке заттарды тасымалдау үшін 9 бірлік техника жұмылдырылады.
Халықты эвакуациялған жағдайда ауданда 23 эвакуациялық пунктері белгіленді (12- мектеп, 9 – мәдениет үй, 1-БЖСМ және Тасқала колледжі) сонымен қатар эвакуацияланған халықты ыстық тамақмен және азық түлікпен қамтамасыз ету үшін жеке кәсіпкерлермен келісім шарттар жасақталды. Су тасқыны кезеңінде ауданда орналасқан барлық мекеме қызметкерлері учаскелерге бөлініп бекітіледі. Белгіленген учаскелер бойынша тәулік бойы кезекшілік және мониторинг жүргізіледі.
Тасқала ауданы бойынша су тасқыны алдын алу және жою келесі жұмыстары жүргізілуде: Деркөл, І-Шежін, ІІ-Шежін өзендерде мұзды бұрғылау 352 ойық ойылды, өзендерде 9 350 шаршы метр қамыс талдардан тазалау жұмыстары әр апта сайын жұма, сенбі күндері жүргізілуде (Деркөл 5800, І-Шежін 1200, ІІ-Шежін 2350) және мұзды жару жүргізілді, Тасқала ауылынан қар шығару жұмыстары 6 ақпан күні басталды бүгінгі күнге 9110 куб метр шығарылды жұмыстары жалғасуда каналдар, арықтарды және құбырларды қардан тазалау мақсатында сенбіліктер жоспар бойынша жүргізіліп отыр.