Қазақстан Республикасы
Орталық референдум комиссиясының
2026 жылғы 12 ақпандағы
№ 6/10 қаулысымен бекітілген
2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
күнтізбелік жоспары
|
1. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамын жариялау
|
|
|
|
Аумақтық референдум комиссиялары Референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 21 ақпаннан кешіктірмей
|
|
2. Бұқаралық ақпарат құралдарында референдум учаскелерінің шекаралары туралы хабарды жариялау |
|
|
|
Тиісті әкімдер Референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 21 ақпаннан кешіктірмей
|
|
3. Республикалық референдум алдындағы үгіт
|
|
|
|
референдум тағайындалғаннан кейін басталады және 2026 жылғы 14 наурызда нөл сағатта аяқталады
|
|
4. Шешімімен учаске құрылған әкiм қол қойған референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн учаскелiк референдум комиссияларына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Тиісті әкімдер Дауыс берудің басталуына жиырма күн қалғанда 2026 жылғы 22 ақпаннан кешіктірмей
|
|
5. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған учаскелер бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін танысуға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік референдум комиссиялары Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда 2026 жылғы 27 ақпаннан кешіктірмей
|
|
6 Жекелеген референдум учаскелерiнде дауыс берудiң басталуы мен аяқталуының басқа уақытын белгiлеу және бұл туралы шешiмдi азаматтарға жеткiзу
|
|
|
|
Аумақтық референдум комиссиялары Дауыс беру күніне дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 4 наурыздан кешіктірмей
|
|
7. Дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік референдум комиссиялары Дауыс беру күніне дейінгі кемінде он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 4 наурыздан кешіктірмей (26–б. 1–т)
|
|
8. Учаскелік референдум комиссияларын дауыс беруге арналған бюллетеньдермен қамтамасыз ету |
|
|
|
Аумақтық референдум комиссиялары Дауыс беруге дейін ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күн бұрын 2026 жылғы 1214 наурыз (27-б. 5-б)
|
|
9. Дауыс беру үшін референдум учаскелерін ашу және ашу туралы хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік референдум комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда Егер дауыс берудің басталуына басқа уақыт белгіленбесе жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де
|
|
10. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік референдум комиссиялары Дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (23-б. 1-т.) 5-тт)
|
|
11. Референдум учаскесінде дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік референдум комиссиялары Дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады . Санау уақыты санау басталғаннан бастап он екі сағаттан аспауға тиіс (23-б. 1-т.) 6-тт)
|
|
12. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн референдум учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгіленген орында орналастыру
|
|
|
|
Учаскелік референдум комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу
|
|
13. Референдум учаскесiнде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы тиiстi аумақтық референдум комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік референдум комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу
|
|
14. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында референдумның нәтижелерін шығару |
|
|
|
Аумақтық референдум комиссиялары
(22-б 1-т7-тт.)
|
|
15. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы референдум нәтижелері туралы хаттаманы Орталық референдум комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссиялары Дауыс берілген күннен бастап екі күннен аспайтын мерзім ішінде 2026 жылғы 17 наурыздан кешіктірмей
|
|
16. Референдум қорытындыларын шығару және бұқаралық ақпарат құралдарында референдум қорытындылары туралы ресми хабарды жариялау |
|
|
|
Орталық референдум комиссиясы Референдум өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2026 жылғы 21 наурыздан кешіктірмей (31, 33-б) |
Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріліп отыр