Тасқала ауданының 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшаларына сәйкес Тасқала ауданының
    2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін.
  2. Тасқала аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Т.Шатенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
27 ноября 2020