Тасқала ауданының 2020 жылғы 1 қарашадағы бюджетін игеру туралы ақпарат

Ауданның жылдық бюджетінің көлемі 9 миллиард 671,9 миллион теңге, есепті кезеңге жоспар 6 миллиард 912,5 миллион теңгені құрайды.

         1 қарашадағы жағдай бойынша бюджеттің атқарылуы 6 миллиард 714,1 миллион теңгені немесе 97,1% - ды құрады. Игерілмеген сома 198,4 миллион теңге, оның ішінде:

Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және кредиттер – 114,4 миллион теңге, оның ішінде:

  • 38,5 миллион теңге – Мереке ауылындағы су құбырын қайта жаңарту бойынша - тазарту жабдығын жеткізбеу;
  • 37,2 миллион теңге – Ақтау ЖОББМ күрделі жөндеу бойынша - орындалған жұмыстар бойынша техникалық қадағалау ескертулеріне байланысты;
  • 28,9 миллион теңге – Тасқала ауылындағы АМК күрделі жөндеу бойынша-орындалған жұмыстар бойынша техникалық қадағалау ескертулеріне байланысты;
  • 3,1 миллион теңге - өтінімдердің қайталануына байланысты төтенше жағдай кезінде коммуналдық төлемдерді өтеу бойынша алушылардың азаюы;
  • 2,7 миллион теңге – АӘК және МБЖ алушылардың азаюы;
  • 2,0 миллион теңге – Мерей жолын күрделі жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алудан үнемдеу;
  • 1,4 миллион теңге – бюджеттік кредиттер бойынша тұрғын үй құнының аз болуына байланысты үнемдеу;
  • 0,5 миллион теңге – мүгедектерге арналған техникалық құралдар бойынша мемлекеттік сатып алудан үнемдеу;
  • 0,1 миллион теңге – мұғалімдер мен әлеуметтік қызметкерлерге дейінгі төлемдер бойынша қалдықтар.

Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер – 36 миллион теңге, оның ішінде:

     - 17,0 миллион теңге -  Тасқала ауылындағы АМК күрделі жөндеу бойынша - орындалған жұмыстар бойынша техникалық қадағалау ескертулеріне байланысты;

    - 14,0 миллион теңге – Алтынсарин ЖОББМ күрделі жөндеу бойынша - орындалған жұмыстар бойынша техникалық қадағалау ескертулеріне байланысты;

     - 3,7 миллион теңге – оқуға ниет білдірген жұмыссыздардың жоқтығы – БҚО бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасына кері қайтарып алуға анықтама жіберілді;

  • 0,8 миллион теңге – кең жолақты интернет бойынша конкурс болған жоқ;
  • 0,4 миллион теңге – мектептердегі санитарлық тораптар бойынша мемлекеттік сатып алудан үнемдеу;
  • 0,1 миллион теңге – балаларға арналған әлеуметтік пакеттер бойынша мемлекеттік сатып алудан үнемдеу.

Меншікті қаражат - 48,0  миллион теңге:   

  • 12,2 миллион теңге – Ақтау ауылы бөгеті бойынша Ақтөбе облысынан кесек тасты жеткізбеуі;
  • 12,8 миллион теңге – аудан бойынша мемлекеттік сатып алудан конкурс кешірек және қайта өткізілуі;
  • 8,8 миллион теңге – мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу (стадион төсемдерін, спорт алаңын жайластыру, көшені жарықтандыру);
  • 4,2 миллион теңге - ноутбуктерді ашық Әкімдікке сатып алу бойынша қол қою шарты жеткізушіде;
  • 3,4 миллион теңге - өнім беруші әкімдік ғимаратындағы бейнебақылау жүйелері және автомобильдерді жөндеу бойынша жұмыстарды орындамаған;
  • 3,4 миллион теңге – мерзімді басылымдар мен қоғамдық бірлестіктер бойынша мемлекеттік сатып алудан қайталама конкурстар;
  • 2,0 миллион теңге – Атамекен ЖОББМ бейнебақылау бойынша өткізілмеген конкурс;
  • 1,1 миллион теңге - Мерей ЖОББМ жылу трассасы бойынша жеткізуші жосықсыз деп танылды;
  • 0,1 миллион теңге – 37 мемлекеттік мекемелер бойынша қалдықтарды дөңгелектеу сомасы.
Дата публикации
02 ноября 2020