Шежін ауылдық округі бойынша 2025 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстары

Шежін ауылдық округі бойынша  2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар

  1. Ауылымызда ауылішілік жол салынуда.
  2. «Жеңіс аллеясы» ағымдағы жөндеуден өткізіліп, ауылдың демалыс орындарындағы орындықтарға, қоршауларға сырлау жұмыстары жүргізілді.
  3. Ауылымыздың 1995 жылғы мектеп түлектері ауыл жанындағы баққа жазғы демалыс орнын (беседка) жасады.
  4.  Ауыл көшелеріндегі істен шыққан жарық шамдары жаңасына ауыстырылды.

 

  1. Бүгінгі күнге округ бойынша 380 түптің айналасында көшеттер мен гүлдер және  0,3 гектарға жуық көкөніс егілді.
  2. Мектеп ауласындағы спорт алаңының жұмыстары толықтай аяқталып, пайдалануға берілді.

 

  1. Жыл сайынғы ауыл тыныштығы мен ел амандығы үшін берілетін тасаттық садақасы биылғы жылы да дәстүрлі түрде берілді.

 

  1. 2005 жылғы түлектердің демеушілігімен мектеп ауласына екі әткеншек қойылды.
  2. Мал өлекселерін салатын мал қорымы салынуда.
  3.            Еменжар елді мекеніне газ тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Дата публикации
14 июля 2025