Қазақстан ауылдық округі бойынша 2025 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстары

Қазақстан ауылдық округіне 4 елді-мекен қарайды. Олар: Атамекен, Алмалы, Қалмақшабын, Қисықсай. Тасқала ауданының тірек ауылына жатады. Халық саны 1143 адам. Аула саны 252. Зейнеткерлер 164 (14,3%), мүгедектер 18, балалар саны  145 (12,6%). Жұмыс жасайтындары 197 адам (17%), соның ішінде: шаруа қожалықтарында - 86 адам, бюджеттік мекемелерде – 105 адам, бюджеттік емес мекемеде – 6 адам. Атаулы әлеуметтік көмек алатындар – 2 адам. Өзін – өзі қамтығандар 58 отбасы (0,1%). Жұмыссыздар-  46 (4%).

Ауыл шаруашылығы саласы:

Ауылдық округ бойынша 45  шаруа қожалық нысандары тіркелген.

Қазақстан ауылдық округінде ірі қара мал саны – 1501 бас,  ш/қ – 7524 бас, қой мен ешкі – 5953 бас, ш/қ - 10732 бас, жылқы – 3406 бас, ш/қ – 4283 бас, құс – 555, ш/қ – 1914,. Былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда ірі қара мал саны – 29  басқа ,  қой мен ешкі – 11 басқа артып,  жылқы – 20 басқа, құс – өсімі жоқ, басқа көбейіп отыр.

Ауылдық округтегі шаруашылықтар ала жаздай бар күш жігерлерін төрт түлік малын шығынға ұшыратпай жайылысқа іліктіруге жұмыстанады.

Ветеринария саласы:

Округ бойынша ветеринариялық іс-шаралар  жоспар бойынша жүргізіліп, ауыл малдары белгіленген жоспарға сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы толықтай егіліп, сарыпқа, туберкелезге қарсы тексерілді.

Сібір жарасына қарсы  5200  бас ірі қара,  6450  қой-ешкі малы және 650 жылқы; қарасанға қарсы  2300  ірі қара, пастереллезге   3050 бас  ірі қара,  ящурге 7450 бас, оспаға қарсы қой мен ешкі 2900 бас, ящурге 12450 бас егіліп, құтыруға қарсы 10 бас  ит,  нодулярный дерматитке қарсы  1350  ірі қара малдарға епке жұмыстары жүргізілді.

Бруцеллезге 4660  мүйізді ірі қара, 5880  бас мүйізді ұсақ мал тексерілді. Туберкулез ауруларын алдын алу мақсатында 1950  бас мүйізді ірі қара тексеріліп, барлығы теріс нәтиже көрсетті.

2025 жылдың 6 айында  бруцеллезге тексерілген ірі қара малдың 76 басы бруцеллез  ауруына оң нәтиже көрсетіп,  барлығы  уақытында Орал ет комбинатына  тапсырылды.

Денсаулық сақтау саласы:

Ауылдық округ бойынша 2025 жылдың басынан дүниеге келген нәресте саны – 7,  Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ, қайтыс болған адамдар саны – 1 адам. 

15-17 жасқа дейінгі қыз-келіншектер дәрігерлік тексеруден өткендер 11 адам, 100%; қант диабетімен есепке алынғандар саны 1 адам; екпе егу жоспары 98%; манту жоспары 66 бала, 100%; скринингтік тексеріс 80%; флюрографияға түсу жоспар бойынша 94 адам, 100%;  туберкулез анықталған жоқ. Биылғы жылы  онкологиялық ауру 1 кісі: бауыр обыры – 1. Диспансерлік есепке алынатындар түгел есепте алынды, ай сайын тегін  дәрілер таратылады.

20 мен 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер арасында  қауіп қатер факторларын анықтау үшін, профилактикалық тексерулер ай сайын жүргізілді.

"Аманат" партиясы "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында ауылымызда ұзақ жылдар бойы еңбек еткен тыл ардагерлері мен жалғыз басты қариялардың үйіне барып, медициналық тексеру жұмыстары жүйелі жүргізілді.

ФАП-та  7  адам  жұмыс атқарады. 1 – фельдшер, 1 – медбике, 1 – лаборант, 1 – мектеп медбикесі, 1 – тазалықшы, 1 – көлік  жүргізуші, 1 – күзетші. Олар өздеріне жүктелген жоспарлаған жұмыстарын ойдағыдай атқарып келеді.

Білім беру саласы:

Қазақстан Республикасының Білім  беруді  дамытудың  2025 жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын жүзеге асыруда мектептердегі білім саласын көтеру мақсатында мұғалімдердің сапалық құрамын жақсартып, олардың біліктілігін арттыруға баса назар  аударылған. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының  кешенді бағдарламасын басшылыққа ала отырып, 8 бағыт бойынша мектептің жылдық жоспарымен бекітіліп  ұйымдастырылуда.

2024-2025 оқу жылында мектебімізде  113 оқушы оқиды, балабақшада - 40 бала, шағын орталықта - 10 бала, ал мектеп алды даярлық тобында - 11 бүлдіршін тәрбиеленуде, педагогикалық қызметкерлер саны  - 32. Сапалық құрамы: педагог зеттеуші - 8,  педагог сарапшы - 5, педагог модератор – 15, педагог - 11 адам санатсыз. Мектепке дейінгі ұйымда: педагог -7, әдіскер – 1, тәрбиеші – 6.

Штаттық кесте бойынша 66 қызметкер. Мектеп жанындағы бау-бақша жұмыс жасайды. Спорттық, құқықтық, шығармашылық үйірмелер, қыздарға арналған «Наз», ұлдарға арналған «Сұлтан» клубтары ұйымдастырылған. Мектеп ішінде  11200  дана кітап қорымен кітапхана қызмет атқаруда.

Мәдениет саласы

2025  жылғы  қаңтар айынан бастап  жоспарға сәйкес әр түрлі мерекелік, қайырымдылық шаралар мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауымен, ауыл жастарымен және мектеп ұжымымен бірлесе отырып атқарылды. Жыл бойына мемлекеттік мерекелер соның ішінде, мекемелер мен ауыл тұрғындарының қатысуымен «Алғыс айту» күні, «8 наурыз - Халықаралық әйелдер» күні, Наурыз мерекелері кеңінен аталып өтті. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған концертті ауыл халқы тамашалады. Мемлекеттік мейрамдардан басқа қайырымдылық акциясы ретінде облыстық және аудандық әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарындағы емделушілерге барып, концерттік бағдарламамен керемет көңіл күй сыйлап қайтты, сонымен қатар Аналар, Әкелер күніне де арнайы шағын шаралар, мүгедектерге құрмет көрсету, ауған соғысының құрбандарын еске алу шаралары өткізілуде.  Жазғы демалыс кезін тиімді пайдалану мақсатында мектеп жасындағы балаларға арналған домбыра, би, үстел теннисі, дойбы, шахмат үйірмелері бар.

Ауылдық кітапханада 14348 кітап қоры бар. Оның ішінде қазақша – 8252 дана, орысшасы – 6085 дана, ағылшынша - 11. 2025 жылы 8 дана жаңа туынды кітаптармен толықтырылды, соның ішінде 8-і қазақша.

Спорт саласы:

Спорт – денсаулық кепілі демекші, ауылымызда спортқа деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Аудан басшылығының қолдауымен Атамекен ауылында бой көтерген спорт алаңы өз нәтижесін беруде. Ауылымыздың жасөспірімдері аудандық баскетбол ойынынан жүлделі екінші орынға ие болды. Жаз айларында студенттер мен ауыл жастары бос уақыттарын аталған алаңда өткізеді.

Атамекен ЖОББ МББК оқушылары күрес түрлерінен аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Жастар саясаты:

2025 жылы ауыл бойынша жастар мәселесі бойынша мәдени, спорттық, қоғамдық саяси, іс-шаралар өткізілді. Қазақстан ауылдық округінде бүгінгі таңда 14-29 жас аралығында 154 жастар бар. Олар округ халқы санының 13,5 %-ды құрайды.

«Жұмысшы мамандықтары» жылы аясында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталағымен ұйымдастырылған спорттық шараға қатысып, ауылымыздың азаматтары жүлделі орынға ие болды. «Отбасы күні» күніне орай ұйымдастырылған эстафетадан ауылымыздың Динмухамбетовтар отбасы жүлделі 2 орын иеленді. Сонымен қатар әкелер күні және нашақорлыққа қарсы күреске арналған шаралар өтті. Атамекен ауылының «Атқа мінсе, айдарынан жел ескен» атты ат спорты түрлерінен сайыс, аудандық теолог маманы А.Кенесов мектеп оқушыларымен кездесіп ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Көрісер айт мерекесіне орай әкімшілік ғимараты алдында мерекелік

дастархан жайылып, ауыл тұрғындарына бауырсақ пен көжелерін ұсынылды.

Шағын және орта бизнес:

Жолдауда шағын және орта бизнесті дамыту сөз болған болатын.

Округте 18  кәсіпкер с.і. көлік жүргізуші, тігін цехы, азық-түлік дүкендері, басқада сала бойынша кәсіпкерлер өздерінің қажетті қызметтерін  ауыл тұрғындарына ұсынуда. Биылғы жылы жаңадан ашылған жеке кәсіпкер «Әлия» дүкен ашылып, жұмысын бастап,  халыққа  қызмет көрсетуде.

Қоғамдық тәртіп, өрт қауіпсіздігі:

Бәріңізге мәлім, қоғамдағы тәртіп округ өмірінің және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ең маңызды рөлге ие. Жыл басынан бірталай мақсатты іс шаралар өткізілді. 2025 жылдың 6 ай ішінде 74 әкімшілік хаттамалар толтырылып, с.і. 2 сот хаттамасы, 44 ескертпе, 28 айыппұл с.і. 320 458 теңге салынып, 249 682 теңге айыппұл өндірілген.

408 бап 1 бөлімі (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша 6 хаттама.

440 бап 1 бөлімі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша 3 хаттама.

73 бап (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа  қарсы әрекеттер) бойынша 2 хаттама.

434-2 бап 1 бөлімі (ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша 1 хаттама толтырылды.

Қазақстан ауылдық округі бойынша ауылдық округі әкімімен учаскелік полиция инспекторы ішінара аула айналымын және елді мекендерді аралап, отырыс, жиындарда   мал ұрлығының, құқық бұзушылықтың  алдын алу туралы түсінік жұмыстарын үнемі жүргізіп тұрады.

Өрт – тілсіз жау. Оны алдын-ала болжап білу мүмкін емес. 2025 жылдың 22 мамыр күні Аудандық өрт сөндіру  және кәсіпкерлік ауылшаруашылық бөлімінің бас мамандарының қатысуымен округтегі ауылшаруашылық техникаларына техникалық байқау өткізілді. Дала өрті жөнінде ауылдағы барлық шаруа қожалықтарына ескертпелер таратылды, үгіт-насихат тақталар орнатылды. Округімізде  ерікті өрт сөндіру жасақ құрамы құрылды, құрамында 10 еріктілер бар. Міндеттері айқындалды. Қазір де жасақтармен байланыс нығайтылды. Ертеңгі күні өрт шыққан жағдайда барлық салмақ жасақтарға түседі. Бұл шарадан шыққан қорытынды – халық пен биліктің ынтымағы. Тілсіз жауды залалсыздандырудың басты жолы бірлікте жатыр. Осы жерде күні түні ауыл тұрғындары көрші ауылдық округ өрт жасақшыларын, ауылдық мекеме қызметкерлері белсенділігін танытты. Мүмкіндікті пайдала отырып, барша қатысқан азаматтарға алғысымды білдіремін.

Инженерлік инфрақұрылым:

Округ бойынша 190 абонент көгілдір отынға қосылған, көгілдір отынды тұтынушыға жеткізу бойынша 1 слесарь жұмыстануда.

Телефон байланысымен 52 және сымды интернетпен 41 абонент, ID TV-мен 1 абонент қамтылып отыр.

Атамекен ауылында «Казпошта» бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді. 60 адам түрлі ақылар алады соның ішінде 45 зейнеткер зейнетақысын, 3 еңбекақы, 2 жәрдемақы алады. Пошта торабы арқылы коммуналдық қызметтерді төлеуге және темір жолы билеттерін алу мүмкіндіктері бар, ақша аударымдар Қазақстан бойынша Юнистрим бағдарламасы арқылы жедел жүргізіледі. Салымдарды виза арқылы алу мүмкіндіктері де бар.

 

2025 жылдың жартыжылдығында атқарылған жұмыстар:

- Шежін өзенінің жағалауын көтеру жұмыстарына 1745,5 мың теңге бөлініп, Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы ұтып алып, жұмыстарын аяқтады.

- Ы.Алтынсарин көшесіндегі балалар ойын алаңына ағымды жөндеу жұмыстарына 313,0 мың теңге бөлініп, ҚБ «Мусатовна» мүгедектер қоғамы» ұтып алып, жұмыстарын жүргізуде.   

- Атамекен ауылының саябақтарына көгалдандыру жұмыстарына 240,0 мың теңге бөлініп, 185 түп көшеттер және 200 түп гүлдер отырғызылды.

- Атамекен, Алмалы, Қалмақшабын ауылдарына көшежарықтандыруға ағымдағы жөндеу жұмыстарына 307,0 мың теңге бөлініп, 10 дана прожектор және 35 лампа көше шамдары ауыстырылды.

- Атамекен ауылының ішкі жолдарын қысқы мезгілде қардан тазалау жұмыстарына 614,7 мың теңге бөлініп, Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы ұтып алып, жұмыстарын аяқтады.

- ҰОС боздақтарына арналған ескерткішіне ағымды жөндеу жұмыстарына 790,0 мың теңге бөлініп, ЖК «Алдияр» ұтып алып, жұмыстарын аяқтады.

Бұл 2025 жылы атқарылған жұмыстардың маңыздылары. 2025 жылдың жартыжылдығына атқарылған жұмыстың қаражатын игерілуі 99,9 % құрап отыр.

 

2025 жылдың жартыжылдығында демеушілікпен атқарылған жұмыстар:

  1. 2025 жылы Қалмақшабын бөгетін Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы және Молочная бөгетін «Харис» ШҚ демеушілігімен ағымды жөндеу жұмыстары өткізілді.
  2. ҰОС боздақтарына арналған ескерткіш жаңартылды, мрамор тақтайшалыры ілінді. Демеушілік білдірген мектеп түлектері, ауыл тұрғындары және белсенділері.
  3. Атамекен ауылының Бейбітшілік көшесіне стрит – воркаут орнатылды. 30 жылдық мектеп түліктерінің демеушілігімен.
  4. Аналар кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен көптеген іс – шаралар өткізілді: с.і. ауыл садақасы, құрбан айт садақасы ұйымдастырылды, «Алғыс айту» күніне ауылдың қарияларына құрмет көрсетіп, құттықтап қайтты.

Қазақстан ауылдық округінде 2025 жылдың 6 ай ішінде  атқарылған бюджет қаражатына және демеушілердің көмегімен атқарылған жұмыстар тындырылды деп айта аламын.

Атқарылып жатырған игі істер ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып, жасалынып жатырған жұмыстар, әлі де ауылымыздың көркеюі жолында  жоспарланып отырған жұмыстар орасан зор, сондықтан да алдағы уақытта  осындай жұмыстар  өз жалғасын табатын болады.

Дата публикации
14 июля 2025