Мерей ауылдық округіне 5 елді-мекен қарайды. Олар: Мерей Айнабұлақ, Тоғайлы, Өркен, Аққайнар. Тасқала ауданының тірек ауылына жатады. Халық саны 1675 адам. Аула саны 381. Зейнеткерлер 261 (15,6%), мүгедектер 23, балалар саны 372 (22,2%). Жұмыс жасайтындары 273 адам (16,3%). Соның ішінде: шаруа қожалықтарында-117, бюджеттік мекемелерде жасайтындары-156. Атаулы әлеуметтік көмек алатындар жоқ. Өзін-өзі қамтығандар 176 (43,6%) отбасы. Жұмыссыздар 39 (2,3%).
Мерей ауылдық округі бойынша 67 шаруа қожалығы, 60 Жеке Кәсіпкер (ЖК) тіркелген. 2025 жылдық 1 жарты жылдық жүргізілген санаққа сәйкес округте ірі қара мал саны – 5937 бас, қой мен ешкі –11198 бас, жылқы – 2760 бас. Құстардың саны – 3200. Мерей ауылында биылғы жыл бойынша егілген егіс көлеміне келетін болсақ, Жаздық бидай - 4575 га, арпа- 1598га, күздік бидай -1526 га, құмай (сорго) – 100 га, сұлы – 40 га, ноқат (нут) -250 га, жасымық – 250 га, Майлы дақылдар бойынша күнбағыс – 500 га, Сафлор (мақсары) – 2847 га, көпжылдық шөптер – 320 га, бір жылдық шөптер – 800 га егілген болатын.
Мерей ауылдық округі бойынша: 3850 бас ірі қара малына вакцина салынды: 2200 басқа сібір жарасына, 1200 бас пастереллёз қарсы, 450 бас құтыруға қарсы ірі қараға вакцина салынды. Бруцеллез ауруына қарсы барлық ірі қара малынан қан алынып оң нәтиже берді. Ұсақ мал бойынша 8550 қой басына вакцина салынды: сібір жарасына 800 басқа, пастереллёзге 800 басқа, оспаға 400 басқа, аусылға қарсы 6550 басқа вакцина салынған болатын. Бруцеллез ауруына қарсы барлық ұсақ малдан қан алынып оң нәтиже берді. Округ бойынша 35 бас бұралқы иттердің көзі жойылды.
2025 жылдың І жартыжылдығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында қоғамдық жұмысқа 13 адам қоғамдық жұмысқа, 9 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Алғашқы жұмысқа 1 адам, Күміс жас бойынша 1 адам жұмысқа орналасты. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар жоқ. Мемлекеттік
Ауыл халқының әлеуметтік – экономикалық жағдайының өсуінің тағы бір көрінісі бұл көрсетілетін қайырымдылық мөлшері аталмыш уақытта 4 млн теңгені құрады.
Ауыл аманаты бағдарламасы бойынша «Тоғайлы» АШӨК басшысы несие алуға құжаттарын «Aqjaiyq» ӘӘК -на тапсырылды. «Тоғайлы –Агро» АШӨК аталмыш бағдарламасы бойынша ауылшаруашылық техникасын алуға құжат жинауда.
Құрбан айт мерекесіне 3 бас ірі қара, 50 бас ұсақ мал сойылып әлеуметтік осал топтағы отбасыларға таратылды.
.
Мерей ауылдық округі бойынша жыл басынан халықтық сенбіліктер өткізіліді. Сенбілекте 100 дана ағаш көшеттері, 200 дана гүл көшетттері отырғызылды. Барлығы 8 тонна көң –қоқыс шығарылды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Мерей ауылдық округінде жол бойындағы шөптерді тазаланды, 500 түб ағаш көшеттері отырғызылды. Айнабұлақ, Тоғайлы елді мекендерінде ПЭТ ыдыстарына арналған 10 дана тор жәшік орналастырылды. Орман желектерін отырғызуға арналған 341 га жер учаскесіне жер өңдеу жұмыстары, атап айтқанда ылғал сақтау жұмыстары жүргізілді.
Айнабұлақ елді мекенінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға араналған екі пәтерлі тұрғын үй құрылысы басталды.
Мерей ауылдық округіне қарасты Тоғайлыелді мекенінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым» атты салтанатты шара, 7-ші мамыр Отан қорғаушылар күніне орай әскери қызмет барысында Арқанкерген шекарасында қаза болған жерлесіміз Алтынбек Кереевті еске алуға арналған еркін күрестен облыстық турнир өтті. Сонымен өатар «Жұмысшылар жылы» аясында ауылымызда сан жылдар қызмет еткен Шукеев Лұқпан Өтегенұлы мен Райхан Мұхтарқызының құрметіне арналған «Дара Жол» атты кеш өткізілді.
Мерей ауылдық округі бойынша: қылмыстық құқық бұзушылық бойынша 1 тұрғынға, аумағымыздағы бағымсыз жүрген 6 ауыл-шаруашылық жануарларының иелеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Мектеп оқушыларымен мопед жүргізу ережелері бойынша, Ауыл тұрғындарымен мал бағымы бойынша қазіргі уақытта интернет алаяқтық бойынша профилактикалық іс – шаралар жүргізіліп жатыр.