2020 жылдың 1 қазанына бюджеттің игерілуі туралы ақпарат

Тасқала ауданы бойынша 2020 жылдың 1 қазандағы

бюджеттің орындалуы туралы ақпарат

         Ауданның жылдық бюджет мөлшері 10 млрд. 371,9 млн. теңге, есепті  кезеңге      жоспар 6 млрд. 149,7 млн. теңге. 1 қазанға бюджеттің орындалуы 6 млрд 123,9 млн. теңге немесе 99,6 % құрайды.

Игерілмеген қаражат мөлшері 25,8 млн теңге, оның ішінде:

РБ бөлінген трансферттер – 17,9  млн теңге:

  • 13,9 млн. теңге - Алтынсарин ЖОББМ күрделі жөндеуінің мемлекеттік сатып алудан үнемдеу сомасы;
  • 3,2 млн. теңге – өтінімдердің қайталануына байланысты төтенше жағдай кезінде коммуналдық төлемдерді өтеу бойынша алушылардың азаюы - Энергетика басқармасына жылжыту анықтамасы ұсынылды - ҚР Энергетика министрлігі қолдамады;
  • 0,8 млн. теңге – балабақшаларда тәрбиешілерге қосымша ақылар бойынша санаттың болмауы.

ОБ бөлінген трансферттер – 1,1  млн теңге:

  • 0,7 млн. теңге - балаларға арналған әлеуметтік пакеттер бойынша мемлекеттік сатып алудан үнемдеу;
  • 0,4 млн. теңге - мектептердегі санитарлық тораптар бойынша мемлекеттік сатып алудан үнемдеу.

Ауданның жергілікті бюджет қаражаты – 6,8  млн теңге:

  • 4,2 млн. теңге - Ақтау және Атамекен ЖОББМ-не жиһазды уақытылы жеткізбеу;
  • 0,8 млн. теңге - оқулықтар бойынша үнемдеу;
  • 0,7 млн. теңге - өнім берушілердің шот-фактураларды бермеуі;
  • 0,5 млн. теңге - Достық ЖОББМ күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ сараптамасы бойынша үнемдеу;
  • 0,4 млн. теңге - жеткізілген тауар (Ноутбуктер) Мереке ЖОББМ техникалық ерекшелігіне сәйкес келмейді;
  • 0,2 млн. теңге - 37 ММ бойынша қалдықтарды дөңгелектеу сомасы.
Дата публикации
29 октября 2020