Тасқала ауданы бойынша 2020 жылдың 1 қыркүйегіне
бюджеттің орындалуы туралы ақпарат
Ауданның жылдық бюджет мөлшері 10 млрд 71 млн теңге, есепті кезеңге 5 млрд 156 млн теңге игеру жоспарланған. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 4 млрд 917,5 млн теңге, немесе 95,4% игеру күтілуде. Игерілмеген қаражат мөлшері 238,5 млн.теңге, оның ішінде:
РБ бөлінген трансферттер мен бюджеттік кредиттер – 138,7 млн теңге, оның:
Жұмыспен қамту жол картасы 2021 – 40,2 млн теңге:
- 19,2 млн теңге – Атамекен ЖОМ күрделі жөндеуінің кестеден артта қалуы,
- 21,0 млн теңге - Ақтау ЖОМ күрделі жөндеуінің кестеден артта қалуы.
Ауыл – ел бесігі – 65,7 млн теңге:
- 18,9 млн теңге - Алтынсарин ЖОМ күрделі жөндеуінің кестеден артта қалуы,
- 46,8 млн теңге – Тасқала мәдениет үйінің күрделі жөндеуінің кестеден артта қалуы.
РБ бөлінген трансферттер – 11,7 млн теңге:
- 5,0 млн теңге – гранттар алушылардың банк реквизиттері өзгеруі;
- 1,8 млн теңге – кепілдендірілген әлеуметтік пакет алушылар санының азаюы,
- 3,2 млн теңге – ТЖ кезінде коммуналдық төлемдер алушылар санының азаюы,
- 0,6 млн теңге – мүгедектерге техникалық құралдардан үнемдеу,
- 0,4 млн теңге – балабақша тәрбиешілерінің квал. категория болмауынан үнемдеу,
- 0,6 млн теңге – алушылар тегінің өзгеруімен салықтарды қайтару сомасы,
- 0,1 млн теңге – дөңгелектеу есебінен үнемдеулер.
Бюджеттік кредиттер – 2,8 млн.теңге:
- 2,8 млн теңге – үй сатып алу құнының азаюынан үнемдеу.
ОБ бөлінген трансферттер – 6,4 млн теңге:
- 1,7 млн теңге – карантинге байланысты оқу орындары жұмыссыздарды оқыту мерзімін кейінге шегеруі,
- 1,4 млн теңге – Жаксыгулов ЖОМ бойынша бейнебақылау камераларын орнату жұмыстарының кестеден артта қалуы;
- 3,3 млн.теңге – мектептердің сантораптар орнатудан кестеден артта қалуы.
ОБ құнды қағаздарынын сатудан ішкі резерв кредиттері – 11,9 млн.теңге:
- 7,2 млн теңге – көше жарықтандыру жүйесін реконструкциялаудан ұнемдеу;
- 4,7 млн.теңге – көше жарықтарын реконструкциялаудан өзгерістер өтпеуі.
Меншікті қаражат – 99,8 млн теңге:
- 23,6 млн теңге – мемлекеттік сатып алу конкурстарының қайталануы -Тасқала скверін абаттандыру, мемлекеттік ақпараттандыру саясаты қызметтері (аудандық газет), қызметтік пәтер сатып алу, мектептерді күрделі жөндеуге ЖСҚ дайындау жұмыстары,
- 18,0 млн.теңге – Ақтау дамбасы реконструкциясының кестеден артта қалуы ;
- 13,2 млн.теңге – мектептерге жылыту құралғыларын сатып алудан конкурс қайта өткізу;
- 12,2 млн теңге – карантинге байланысты арнайы техника сатып алу бойынша тауар жеткізілмеуі, тауардың келуі 31 тамызға жоспарланған,
- 10,2 млн теңге – баға ұсыным бойынша мемлекеттік сатып алу процедуралардың кеш өткізілуі,
- 6,0 млн.теңге – Достық ЖОБ төлемдері өтпеуі бухгалтердің жұмыстан шығып кетуінен;
- 4,0 млн.теңге – кітапханаларға жиһаз сатып алудан бас тарту;
- 3,5 млн теңге – атқарушы орган резервінің пайдаланылмаған сомасы,
- 3,2 млн.теңге – «Инглиш Бук» және «Алматы Кітап» баспаларынан кітап жетістеуі;
- 3,0 млн теңге – басшылар мен орынбасарларға еңбек демалысының берілмеуі,
- 2,9 млн теңге – мемлекеттік сатып алу порталының техникалық ахауынан тауар жеткізушінің келісімшартқа қол қоймауы.