2020 жылғы 1 маусымға арналған ауданның бюджетінің атқарылуы туралы есеп

Тасқала ауданы бойынша 2020 жылдың 1 маусымына

бюджеттің игерілуі бойынша ақпарат

         Ауданның жылдық бюджет көлемі 9 859 518,0 мың теңге, есепті кезеңге жоспар 2 312 289,0 мың теңге. 1 маусымға бюджеттің орындалуы 2 187 093,0 мың теңгені немесе 94,6% құрайды.

Игерілмегені 125 196,0 мың теңге, оның ішінде:

Республикалық және облыстық бюджеттен трансферттер және бюджеттік кредиттер - 40 730,1 мың теңге:

  • 17 520,0 мың теңге-халықтың әлеуметтік осал топтарына ТЖ кезеңінде коммуналдық төлемдер үшін төлем алгоритмінің болмауы;
  • 16 251,6 мың теңге – Ақтау және Атамекен мектептерін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы (8 279,4 м.т. Атамекен және 7972,2 м.т. Ақтау);
  • 3 334,4 мың теңге – грант алушының деректемелерін қате көрсетуіне байланысты (ОБ трансферті);
  • 1749,5 мың теңге – бюджеттік кредиттер бойынша үнемдеу;
  • 1 083,5 мың теңге - свифт қателері үшін қайтарым, қаржы қызметтері, мұғалімдерге қосымша төлемдер бойынша дөңгелектеу сомаларының қалдықтары (РБ трансферттері);
  • 626,0 мың теңге - балаларға әлеуметтік пакет бойынша алушылардың азаюынан үнемдеу (РБ трансферттері);
  • 77,4 мың теңге – гранттар бойынша қалдық сома (РБ трансферттері);
  • 63,8 мың теңге – қоғамдық жұмыстар бойынша айдың толық орындалмағандығынан;
  • 21,8 мың теңге - жастар тәжірибесіне қатысушының тұрақты жұмысқа орналасуынан үнемделген қаржы;
  • 2,1 мың теңге – қалдықтарды дөңгелектеу сомасы.

Ауданның жергілікті бюджет қаражаты  84 465,9  мың теңге:

- 35 000,0 мың теңге - арнайы техниканың екі бірлігін сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізуінен;

- 28 746,3 мың теңге – округтерді абаттандыру бойынша жұмыстардың карантинге байланысты шілде-тамыз айларына ауыстырылуынан;

- 11 281,0 мың теңге – Тасқала ауылындағы скверді абаттандыру бойынша конкурстің өтпеуіне байланысты;

- 2 517,6 мың теңге – мектеп жиһазын сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстар;

- 1 914,2 мың теңге – мұғалімдердің еңбек демалысы мерзімінің ауыстырылуына байланысты;

- 1378,8 мың теңге – ТЖ байланысты іс-шаралар қыркүйек-қазан айларына ауыстырылды;

- 1 801,1  мың теңге – жеткізушілерден шот-фактуралардың болмауы;

-632,3 мың теңге – компьютерлерді сатып алу бойынша конкурстардың өткізілмегеніне байланысты;

- 339,2 мың теңге - мектептердің байланыс қызметтерінен үнемделген қаржы;

- 855,4 мың теңге – ауданның барлық ББӘ бойынша мемлекеттік сатып алудан ағымдағы үнемдеу.

Дата публикации
01 июня 2020