№8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тасқала аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3 тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4 тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтары негізінде Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған Тасқала аудандық мәслихат депутатының орнына сайлау 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылғы 30наурызға тағайындалған Тасқала аудандық мәслихатының депутатын сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Тасқала ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және сайлау болатын күн туралы хабар аудандық «Екпін» қоғамдық–саяси газетінде жариялансын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Төраға                                                                        Д.Баишева

Хатшы                                                                        Б.Кадыров

 

 

 

Дата публикации
29 января 2025