Терроризмге қарсы аудандық комиссия отырысы өтті.
Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті. Комиссия отырысының күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.
1.Ауданның орта мектептеріндегі жоғары сыныптарға, Тасқала колледжі оқушыларына жастар арасында деструктивті діни ағымдардын таралуын алдын алу (мектепшілік өткізілетін іс-шаралар оқушылардың толықтай қатысуын
қамтамасыз ету) және оқушылармен мектеп формасы үлгісін сақтау бағытында түсінік жұмыстарын жүргізу барысы туралы.
2. Деструктивті діни ағым өкілдерімен жыл бойына жүргізілген оңалту жұмыстарының қорытындысы туралы.
3. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризме қарсы қорғалу деңгейі және оларды нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестендіру туралы.
Аумактық тізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
4. Аудан әкімдігі жанындағы терроризме қарсы комиссияның алдыңғы отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы және 2024 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау. 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Комиссия отырысы соңында айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша жауапты мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.