Қазақстан ауылдық округі бойынша сайланған әкімін тіркеу туралы Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылдың 1
желтоқсан күні Қазақстан ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9) тармақшасына және 113-11-
бабына сәйкес Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
3 желтоқсандағы № 68 шешімімен Распаев Ержигит Хасанович 1990 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Мерей ауылы тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Қазақстан ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
04 декабря 2024