Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

2024 жылдың 1 желтоқсанда Тасқала ауданы Қазақстан сайлау округі бойынша Қазақстан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9 тармақшасына, 44- бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10- бабына сәйкес, Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 531 азамат енгізілді, оның – 282 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 21, «Барлығына қарсы» - 12.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Алтаева И.К- 39 (15,7%)

Батрашева А.М - 16 (6,4%)

Распаев Е.Х - 194 (77,9%)

         Распаев Ержигит Хасанович 1990 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Мерей ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, Қазақстан ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
01 декабря 2024