«Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметкердің бос жұмыс орынына конкурс жариялайды

1. Мерей ауылдық округі бойынша қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін әлеуметтік қызметкер - 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 218293 – 322287 теңгеге дейін. Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық), техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім немесе негізгі орта білім және әлеуметтік даярлық туралы
сертификат. Функционалдық міндеттері: өз қызметін Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады; бөлімшенің меңгерушісі бекіткен кесте (жоспар)
бойынша жұмысын орындайды; Қызмет көрсету аймағында тұратын және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жалғызілікті қарттар мен еңбекке қабілетсіз адамдарды анықтайды; қызмет көрсетілетін азаматтарды азық-түлік өнімдерімен, ыстық тамақпен, бірінші қажеттіліктегі
өнеркәсіптік және шаруашылық тауарларымен, дәрігердің рецепті бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді; тұрғынжайларды жинауға көмек көрсетілуіне ықпал етеді, пеш жағады (орталық жылуға қосылмаған үй-жайларда), киімдерді кір жуу, химиялық тазалау орындарына тапсырады және жеткізеді, қызметтерге, оның ішінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеуді
жүргізеді; қажет болған кезде тұрғынжайды жөндеуге, отынмен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі; дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді: ыстығын өлшейді, қыша қояды, қыздыратын
компресс қояды, үйге дәрігер шақыруды, сондай-ақ шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмекті жүзеге асырады; қызмет көрсетілетін азаматтармен денсаулық сақтау ұйымдарында
бірге жүреді; қызмет көрсетілетін азаматтардың туыстарымен, достарымен хат жазысуға қатысты өтініштерін орындайды; ардагер бұрын жұмыс істеген еңбек ұжымдарымен байланыс
орнатады, әлеуметтік мәселелер бойынша заңнаманы түсіндіреді және олардың тапсырмаларын орындайды; қызмет көрсетілетін азаматтардың әлеуметтік көмектің қажетті түрлерін, оның
ішінде медициналық, протездік-ортопедиялық көмек алуына жәрдемдеседі.
Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын; Әлеуметтік кодексін; жалғызілікті еңбекке
жарамсыз азаматтарға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша негізгі
қағидаттарды; қарт адамдардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін;
коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды; қарттарды, еңбекке жарамсыз
азаматтарды үй жағдайында күту бойынша санитариялық-гигиеналық талаптарды; дәрігерге
дейінгі кезек күттірмейтін көмек көрсету тәсілдерін; еңбек заңнамасының негіздерін; өрт
қауiпсiздiгi қағидаларын білуге тиіс.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
1)қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2)жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3)кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы
мен байланыс телефондары көрсетілген);
4)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың
көшірмелерін;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6)"Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020
жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша
денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.
Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы
мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару
үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби
деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру,
ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы
басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
Әңгімелесуді өткізу орны: Тасқала ауданы, Қ. Рысқұлбеков көшесі, 1, «Тасқала аудандық
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар қоса берілген құжаттар тізбесін көрсете отырып,
құжат тігілетін папкаға салынған күйінде конкурс өткізілетіні хабарландыру бұқаралық ақпарат
құралдарының ресми басылымында жарияланған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Қ. Рысқұлбеков көшесі, 1, Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, эл. пошта taskala_sobes@mail.kz. Анықтама алу үшін телефон: 22-2-97.

Дата публикации
28 ноября 2024