Достық ауылдық округі бойынша мүгедектігі бар балаларды және он сегіз жастан асқан
психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік
қызметкер - 0,25 бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 55460 – 78073теңгеге дейін.
Біліктілігіне қойылатын талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық,
педагогикалық, медициналық) білім, техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта)
(әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім немесе негізгі орта білім және әлеуметтік
даярлық жөніндегі сертификат.
Функционалдық міндеттері:өз қызметін Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі туралы
Ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады; бөлімшенің меңгерушісі бекіткен кесте (жоспар)
бойынша жұмысты орындайды; бөгде адамның көмегіне мұқтаж және қызмет көрсету
аймағында тұратын психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларды және
18 жастан асқан мүгедектігі бар (бұдан әрі – балалар мен 18 жастан асқан адамдар) анықтайды;
балалар мен 18 жастан асқан адамдарға өзіне-өзі қызмет көрсету, өзін-өзі ұстау, өзін-өзі
бақылау және қарым-қатынас жасау дағдыларын үйретеді; балалар мен 18 жастан асқан
адамдардың бос уақытын ұйымдастырады (ойындар, кітап оқу, кітапханалық қызмет көрсетуді
ұйымдастыру және т;б;); ауруханада (ауруханаға жатқызылған жағдайда) ата-аналармен және
олардың отбасы мүшелерімен балалар мен 18 жастан асқан адамдарды оңалту іс-шараларын
іске асыру және бейімдеу бойынша жұмыстарды жүргізеді; балалар мен 18 жастан асқан
адамдардың ата-аналарын науқас балалар мен 18 жастан асқан адамдарды жалпы күтудің
практикалық дағдыларына, балалар мен 18 жастан асқан адамдардың дамуына ықпал ететін
әдіс-тәсілдерге, қимыл-қозғалыстарға және әлеуметтік дағдыларға үйретеді; балалар мен
18 жастан асқан адамдарға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету үшін
мамандарды шақырады; қамқоршылықты, қорғаншылықты белгілеу, жәрдемақы тағайындау,
интернат үйлеріне немесе аумақтық орталықтарға орналастыру және басқа да көмек алу үшін
құжаттарды ресімдеуге жәрдемдеседі; балалар мен 18 жастан асқан адамдарды күтіп отырған
күнкөрісі төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек, қайырымдылық қорлары, демеушілер
есебінен басқа да гуманитарлық көмектің берілуіне жәрдемдеседі; білім беру, денсаулық
сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерімен, ұйымдарымен клиенттерге анағұрлым тиімді
қызмет көрсету үшін өзара іс-қимыл жасайды; жұмысқа талдау жүргізеді, белгіленген мерзімде
есепті ұсынады; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары
мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
Мыналарды білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын; Әлеуметтік
кодексін; Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау
туралы заңды; Баланың құқықтары туралы заңды; Азаматтарға әлеуметтік қызметтер ұсыну
бойынша нормативтік құжаттарды; Балаларға әлеуметтік-тұрмыстық қызметті ұйымдастыру
жөніндегі негізгі қағидаттарды; коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды;
балаларды үй жағдайында күту бойынша санитариялық-гигиеналық талаптарды; кезек
күттірмейтін дәрігерге дейінгі көмек көрсету тәсілдерін; өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген
құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай
құжаттарды:
1)қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2)жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3)кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы
мен байланыс телефондары көрсетілген);
4)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың
көшірмелерін;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6)"Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020
жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша
денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.
Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы
мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару
үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби
деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру,
ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы
басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
Әңгімелесуді өткізу орны: Тасқала ауданы, Қ. Рысқұлбеков көшесі, 1, «Тасқала
аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ғимараты.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар қоса берілген құжаттар тізбесін көрсете отырып,
құжат тігілетін папкаға салынған күйінде конкурс өткізілетіні хабарландыру бұқаралық ақпарат
құралдарының ресми басылымында жарияланған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап
15 күнтізбелік күннің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: Тасқала ауданы,
Тасқала ауылы, Қ. Рысқұлбеков көшесі, 1, Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі, эл. пошта taskala_sobes@mail.kz. Анықтама алу үшін телефон: 22-2-97.