Қосшы ауылдық округі бойынша сайланған әкімін тіркеу туралы Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылдың 15 қыркүйек  күні Қосшы ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 15 қыркүйектегі № 44 шешімімен Сидагалиев Ербол Мендыканович 1971 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Асан ауылы тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Қосшы ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

 

                    Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
16 сентября 2024