ТАСҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес, Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 25 тамыз күні Тасқала ауданының Қосшы ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:

  1. Мусина Зарина Муратовна, 1987 жылы туған, «Ақтау ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ бас маманы, Тасқала ауданы Ақтау ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
  2. Сарсенов Алибек Уренович, 1964 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Орал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
  3. Сидагалиев Ербол Мендыканович, 1971 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Байтерек ауданы Асан ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
25 августа 2024