|
№ |
Сын ескертпелер мен ұсыныс-пікірлер |
Орындалуы туралы ақпарат |
|
1. |
Бастау ауылындағы көктемгі су шайып кеткен жолды жөндеуге смета дайындау |
Қаражат мәселесін шешу жолдары қарастырылуда |
|
2. |
Бірлік а. кіреберіс жолын жөндеуге жобалық-сметалық құжат жасау |
Бірлік ауылына кіреберіс жолға сметалық құжаттама дайындау жұмыстары 2021 жылдың жоспарына енгізіліп отыр. |
|
3. |
Бірлік а. ауыз су жүйесін өткізуге жобалық-сметалық құжат жасау |
Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға бас жобалаушы мемлекеттік сатып алу арқылы анықталып, 2020 жылдың 15 шілдесінде келісім шарт жасасып, қазіргі таңда ЖСҚ-ы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. |
|
4. |
Атамекен ауылына дейін 18 км жолды жөндеуге жобалық-сметалық құжат жасау |
Атамекен ауылына кіреберіс 0-18 км аудандық маңызы бар автомобиль жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында қазіргі уақытта сметалық құжаттама дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр, жыл соңына дейін кешенді сараптамадан өткізу жоспарланып отыр. |
|
5. |
Амангелді ауылының Саржайлау көшесіне интернет өткізу |
Интернет желісі тартылды. |
|
6. |
Тасқала ауылындағы аурухана артындағы бөгетті жөндеуге сметалық құжат жасау |
Биылғы жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында «Тасқала ауданы, Тасқала ауылының Қ.Сәтпаев, Керей хан, Жәнібек хан, С.Сейфуллин, Б.Момышұлы және Қ.Аманжолов көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеу» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Орталық аурухана артындағы бөгетті жөндеу жұмыстары жобада қарастырылған. Жыл соңына дейін жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр. |
|
7. |
Тасқала а. Төлегенова және Шевченко көшелерінің жолдарын жөндеу |
Тасқала ауылы Шевченко көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Ағымдағы жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы арқылы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Ал Төлегенова көшесі бойынша биылғы жылы жөндеу жүргізу жоспарда жоқ, алдағы уақытта қаражат бөлінген жағдайда жоба жасақталатын болады. |
|
8. |
Ақтау ауылына дейін 2,5 км жолды күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжат жасау |
Актау ауылына 2,5 шақырым кіреберіс автомобиль жолдарын жөндеуге 2021 жылы жобалық-сметалық құжаттама дайындауға жылдың соңына дейін қаражат бөлу мүмкіндігі қарастырылады.. |
|
9. |
Мереке ауылына кіре беріс жолы мен Акжигитов көшесінің жолын жөндеуге жобалық-сметалық құжат жасау |
Мереке ауылы бойынша ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге смета жасақталды. Алдағы уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстарын жұргізуге қаражат бөлінген жағдайда, тиісті жөндеу жұмыстары атқарылатын болады. |
|
10. |
Мереке ауылында сарып ауруын анықтау үшін ауыл шаруашылық малдан қанды тегіс алу |
Жұмыстар жүргізілуде. |
|
11. |
Екінші Шежін ауылының ауыз су бағасын төмендету және сапасын көтеру |
Екінші Шежін ауылының ауыз су бағасын төмендету мақсатында, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына субсидия төленетін су құбырлары қатарына енгізуге құжаттары жолданды, басқарма өз кезегінде тиісті комитетке жолдады. Сапасы бойынша, ай сайын сапасын тексеру мақсатында сынамалар алынып, қорытындысы бойынша тиісті шаралар атқарылып отырады. |