Үлгілік біліктік талаптары

ТАСҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ХАБАРЛАМАСЫ


Үлгілік біліктік талаптары:
Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы
органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына
мынадай талаптар** белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе
техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық,
ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық,
стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат
кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4,
C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір
жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы
мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің
басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір
жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында
бір жылдан кем емес.
Қажетті құжаттар тізімі:
Саяси партиядан ұсынылған кандидаттың жинақтайтын құжаттары
 Саяси партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжаты;
 Саяси партияның тиісті филиалы жоғары басшы органының ауылдық округ әкіміне
кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
 Саяси партияның уәкілетті органға тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
 Азаматтың әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші
 Кандидат туралы өмірбаяндық деректері;
 Жеке басты куәландыратын құжаттың және паспорттың (бар болса) көшірмесі;
 Уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен куәландырылған
партиялық билеттің көшірмесі немесе саяси партияға мүшелігін растайтын құжат;
 Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) (ағымдағы жылдың 1 сәуірдегі жағдай
бойынша) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы
мемлекеттік кіріс органының анықтамалары;
 Саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат (банктен
түбіртек, 85 000теңге)
 Сауалнама;
 Өмірбаян;
 Білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері (нотариалды
куәландырылған)
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан
Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды
аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;
 Еңбек кітапшасының көшірмесі;
 3х4-фото- 4 дана, jpg форматында фото-1 дана;
 Неке қию (бұзу) туралы куәлік көшірмесі;
 Жақын туыстарының қайтыс болу туралы куәліктің көшірмелері (егер ондай жақын
туыстары болған жағдайда).
Өзін-өзі ұсынуына кандидаттың жинақтайтын құжаттары
 Азаматтың әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;
 Кандидат туралы өмірбаяндық деректері;
 Жеке басты куәландыратын құжаттың және паспорттың (бар болса) көшірмесі;
 Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) (ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай
бойынша) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы
мемлекеттік кіріс органының анықтамалары;
 Кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат (банктен түбіртек,
85 000 теңге);
 Сауалнама;
 Өмірбаян;
 Білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері (нотариалды
куәландырылған)
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан
Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды
аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;
 Еңбек кітапшасының көшірмесі;
 3х4-фото 4 дана, jpg форматында фото-1 дана;
 Неке қию (бұзу) туралы куәлік көшірмесі;
 Әкімдікке кандидатты қолдап қол жинау парағы (тиісті сайлау округінің дауыс
беруге құқығы бар сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайыз дауысымен
қолдау табуға тиіс);
 Жақын туыстарының қайтыс болу туралы куәліктерінің көшірмелері (егер ондай
жақын туыстары болған жағдайда).
Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
09 августа 2024