Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қосшы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
2024 жылдың 7 тамыздағы №8 қаулысы
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы Қосшы ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1
тармағының 1 тармақшасына сәйкес Тасқала ауданының аумақтық сайлау
комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қосшы
ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалсын.
2. 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс
Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қосшы ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу
мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік
жоспары бекітілсін.
3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
4. Осы қаулының көшірмесі Тасқала ауданының әкіміне жолдансын.
5. Осы қаулы Тасқала ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және сайлау
болатын күн туралы хабар аудандық «Екпін» қоғамдық–саяси газетінде
жариялансын.
Төраға Д.Баишева
Хатшы Б.Кадыров

Дата публикации
07 августа 2024