Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қосшы ауылдық округі әкімінің сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
2024 жылдың 7 тамыздағы №7 қаулысы
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы Қосшы ауылдық округі әкімінің
сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңының 14-бабының 6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына
және 22-бабына сәйкес Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қосшы
ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Қосшы ауылдық округі аумағының
шекарасында- Қосшы аумақтық сайлау округі құрылсын.
2. Осы қаулы Тасқала ауданы әкімдігінің интернет- ресурсында және сайлау
округін құру туралы хабар аудандық қоғамдық-саяси «Екпін» газетінде
жариялансын.
Төраға Д.Баишева
Хатшы Б.Кадыров

Дата публикации
07 августа 2024