Батыс Қазақстан облысының «Тасқала ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша талдамалық анықтама

1. Жалпы ақпарат
2024 жылдың II-ші тоқсанында 718 қызмет көрсетілді.
Соның ішінде,
- көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы
көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік
қызметтердің саны – 0
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» вебпорталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету
мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация
арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер
саны – 57
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін
қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде
("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz
қоспағанда) саны – 0.
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді
ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті
берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" вебпорталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген
мемлекеттік қызметтердің саны – 0.
Электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны:
- www.egov.kz портал арқылы – 10 қызмет;
- www.elicense.kz порталы – 275 қызмет;
- Қызметті берушілердің ақпарттық жүйелері:
1) Е-СОБЕС – 151;
2) kezekte – 21
3) Госреестр – 0
5) Baspana Market – 27
6) arm.mio - 42
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы – 162 қызмет;
Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны – 0.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген
түсіндірме іс-шараларының саны 4 оған 132 тұрғын тартылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету
сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 7 мекемеде ішкі бақылау
жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген ішкі бақылау іс-шараларының нәтижесі
бойынша 33 заң бұзушылық анықталды. Олар:
Бекітілген жоспарға сәйкес 2024 жылдың II тоқсанында 2 жергілікті
атқарушы органда ішкі мемлекеттік бақылау іс-шарасы жүргізілді. Жүргізілген
ішкі бақылау іс-шарасының нәтижесі бойынша 33 заң бұзушылық анықталды.
Олар:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге
де талаптарының бұзылу фактілері – 25
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласының заңнама талаптарын бұзу
бойынша 8 факт.
Тексеріс нәтижесі бойынша 2 ұсыныс беріліп, 1 ұсыныс орындалды, 1
ұсынысты орындау бойынша жоспар жасақталды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру және
қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 23 адамның қатысуымен
мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жетілдіру мақсатында жәрмеңке өткізілген
болатын
Есепті кезеңде 94 мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас
тартылды. Соның ішінде:
Олардын біреуі (1) "Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау,
қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну"
мемлекеттікқызметі боыйнша (Құрылыс саласындағы құрылыс салуды
ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30
қарашадағы № 750 бұйрығының 2-параграфтағы. Құрылыс және
реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеуге
арналған бастапқы материалдарды ұсыну және көрсету тәртібінің 41-тармақ 1),
2) тармақшаларына сәйскес) және үшеуі (1) Құрылыстың эскизін (эскиздік
жобасын) келісу және «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет (Құрылыс саласындағы құрылыс салуды
ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30
қарашадағы № 750 бұйрығының 3-параграфтағы. Құрылыстың эскизін
(эскиздік жобасын) келісу және «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібінің 54-тармақ 2), 3) 4),
тармақшаларына сәйскес) мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бас
тартылды.
«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет (Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат
беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығының
3-параграфтағы. Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және «Эскизді
(эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді
көрсету тәртібінің 54-тармақ 2), 3) 4), тармақшаларына сәйскес 3 қызмет
көрсетуден негізді бас тартылды.
«Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау)
жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік
қызметі боыйнша (Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және
рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №
750 бұйрығының 2-параграфтағы. Құрылыс және реконструкциялау (қайта
жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы
материалдарды ұсыну және көрсету тәртібінің 41-тармақ 1), 2) тармақшаларына
сәйскес 1 негізді қызмет көрсетуден бас тарту болды.
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан
жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке
алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй
беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметі бойынша 2024 жылдың 1
тоқсаны бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына
сәйкес 3 мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартылды. Соның ішінде: 2
өтінішке Меншік құқығында жылжымайтын мүліктін болуы бойынша, 1
өтінішке ұсынылған деректердің сәйкес келмеуіне байланысты.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік
қызмет көрсету бойынша Қазақстан Республикасы Премьер министрінің
орынбасары –Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы
21 маусымдағы № 227 бұйрығы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті
тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» 2 тарау «Атаулы
әлеуметтік көмек тағайындау тәртібінің» 17 тармағына сәйкес жан
басынашаққанда отбасы табысының асып кетуіне байланысты 5 қызмет
алушыға және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы
15 сәуірдегі «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері
қайтарып алу қағидалары» № 123 бұйрығының 12 тармағына сәйкес 48
қызмет алушыға және «Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы» қағидасына
сәйкес 7 қызмет алушыға қызмет көрсетуден негізді бас тартылды.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Жер
Кодексінің 44-2 бабының 8- тармағына сәйкес өтінішке қоса берілген сұралып
отырған жер учаскесін бөліп беру схемасы бойынша сұралып отырған жер
учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша берудің мүмкіндігін
айқындай алмауына байланысты, қосымша жер алаңы - 0, 0875 га құрайтын
жалға алу және жеке меншігіндегі жылжымайтын мүлікті басқару үшін жер
теліміне алдын ала жер таңдау актісін беру бас тартылды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөнінде көрсетілетін қызметті
алушылар тарапынан шағымдар болған жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімінің бұзылу фактісі
орын алған жоқ. 

Дата публикации
01 августа 2024