2024 жылдың IІ тоқсанына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша аналитиқалық жазба

2024 жылдың II тоқсанына бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
сапасына ішкі бақылау бойынша ақпарат:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу
мақсатында аудан әкімі аппараты басшысының 2023 жылдың 13 желтоқсандағы №40
бұйрығымен «2024 жылға Тасқала ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуы бойынша ішкі
бақылау іс шараларын жүргізу жоспары» бекітілді. 07.06.2024 ж Мемлекеттік істер
жөніндегі Департаменті агенттігінің хатына сәйкес 7 мекемеде ішкі тексеріс
жасалған болатын.
Бекітілген жоспарға сәйкес 2024 жылдың II тоқсанында 2 жергілікті атқарушы
органда ішкі мемлекеттік бақылау іс-шарасы жүргізілді. Жүргізілген ішкі бақылау ісшарасының нәтижесі бойынша 33 заң бұзушылық анықталды. Олар:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де
талаптарының бұзылу фактілері – 25
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласының заңнама талаптарын бұзу
бойынша 8 факт.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген
түсіндірме іс-шараларының саны 4 оған 132 тұрғын тартылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру және қызмет
көрсету сапасын жақсарту мақсатында 23 адамның қатысуымен мемлекеттік
қызметтерді көрсетуді жетілдіру мақсатында жәрмеңке өткізілген болатын.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында 114 жадынама
таратылып, 93 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілген қызметтерге мониторинг жүргізу
нәтижелеріне сәйкес аудан әкімі аппараты, 9 ауылдық округ, 7 аудандық дербес
бөлімдерімен барлығы 718 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:
- қағаз түрінде – 0;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы
және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті
берушілермен қағаз түрінде –57 қызмет;
- Қызметті берушілердің ақпарттық жүйелері (Е-собес, рынок труда, , ИС Загс,
Единая информационная система социально-трудовой сферы, kezekte, E-Qazyna.kz ) арқылы –
151 қызмет;
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы –162 қызмет;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы, «Е-Лицензиялау» арқылы электронды
түрде – 344 қызмет көрсетілді.
- www.mio.kz арқылы – 4 қызмет түрі көрсетілді.
Есепті кезеңде 95 мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартылды
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөнінде көрсетілетін қызметті
алушылар тарапынан шағымдар болған жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімінің бұзылу фактісі орын
алған жоқ.

Дата публикации
01 августа 2024