Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, 2024 жылдың 1-31 шілде аралығында Тасқала ауданы әкімі аппаратының, ауылдық округ әкімі аппаратының және дербес бөлімдері мен бағынысты квазимемлекеттік ұйымдар қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.