Достық ауылдық округі бойынша сайланған әкімін тіркеу туралы Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылдың 2 маусым  күні Достық ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14- бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 20 шешімімен Сапаров Асхат Гайдарович 1989 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылы тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Достық ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.


Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
05 июня 2024