2024 жылдың 2 маусымда Тасқала ауданы Достық сайлау округі бойынша Достық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9 тармақшасына, 44- бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10- бабына сәйкес, Тасқала ауданы Достық ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Достық сайлау округі
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 504 азамат енгізілді, оның – 273 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 17, «Барлығына қарсы» - 7.
Әр бір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ахметов Х.М- 95 (38,2%)
Сапаров А.Ғ - 144 (57,8%)
Туркаев А.Е - 10 (4%)
Сапаров Асхат Гайдарович 1989 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, Достық ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы