ТАСҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес, Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 12 мамыр күні Тасқала ауданының Достық ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:

  1. Ахметов Хафиз Маратович, 1966 жылы туған, Достық ауылдық округінің әкімі, Достық ауылында тұрады,«AMANAT»партиясы ұсынды.
  2. Сапаров Асхат Гайдарович, 1989 жылы туған, Садық Жақсыгұлов атындағы ЖОББМ мұғалімі, Тасқала ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
  3. Туркаев Алмаз Ертустикович, 1986 жылы туған, «Тасқала ауданының балалар- жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры, Тасқала ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
12 мая 2024