2024 жылдың I тоқсанына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша аналитиқалық жазба

2024 жылдың I тоқсанына бойынша  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша ақпарат:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу мақсатында аудан әкімі аппараты басшысының 2023 жылдың 13 желтоқсандағы №40 бұйрығымен «2024 жылға Тасқала ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуы бойынша ішкі бақылау іс шараларын жүргізу жоспары» бекітілді.

Бекітілген жоспарға сәйкес 2024 жылдың I-тоқсанында 2 жергілікті атқарушы органда  ішкі мемлекеттік бақылау іс-шарасы жүргізілді. Жүргізілген ішкі бақылау іс-шарасының нәтижесі бойынша 1 заң бұзушылық анықталды. Олар:

  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері (оқығандығы туралы сертификаттың болмауы) –

Тексеріс нәтижесі бойынша 2 ұсыныс беріліп, 1 ұсыныс орындалды, 1 ұсынысты орындау бойынша жоспар жасақталды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 5 оған 110 тұрғын тартылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру және қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік органдардың әлеуметтік желідегі парақшаларында және аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында 2 мақала жарияланды.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында  120 жадынама таратылып, 110  адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілген қызметтерге мониторинг жүргізу нәтижелеріне сәйкес аудан әкімі аппараты,  9 ауылдық округ, 7 аудандық дербес бөлімдерімен барлығы 550 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:

-  қағаз түрінде –2 қызмет;

- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен  қағаз түрінде –25 қызмет;

- Қызметті берушілердің ақпарттық жүйелері (Е-собес, рынок труда, , ИС Загс, Единая информационная система социально-трудовой сферы, kezekte, E-Qazyna.kz ) арқылы – 265 қызмет;

  • "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы –39 қызмет;

 - «Электрондық үкімет» веб-порталы, «Е-Лицензиялау»  арқылы электронды түрде – 219 қызмет көрсетілді.

Есепті кезеңде 58 мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартылды

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөнінде көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар болған жоқ.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімінің бұзылу фактісі орын алған жоқ. 

Дата публикации
04 апреля 2024