Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу мақсатында аудан әкімі аппараты басшысының 2019 жылдың 10 желтоқсандағы № 38-б бұйрығымен «2020 жылға Тасқала ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуы бойынша ішкі бақылау іс шараларын жүргізу жоспары» бекітілді.
Бекітілген кестеге сәйкес 2020 жылдың II-тоқсанында 1 жергілікті атқарушы органда және 1 ведомстволық бағынысты мекемеде ішкі мемлекеттік бақылау іс-шарасы жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде жалпы 68 заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
Тексеріс қорытындысы бойынша 5 ұсыныс беріліп, қазіргі таңда 2 үсыныс орындалды.
Қызмет алушылар тарапынан барынша талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (100 қызметтен астам): Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу».
Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілген қызметтерге мониторинг жүргізу нәтижелеріне сәйкес 9 ауылдық округ, АХАЖ қызметі мен 8 аудандық дербес бөлімдерімен барлығы 564 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:
- қағаз түрінде қызмет берушілер арқылы – 22 қызмет;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде – 79 қызмет;
Есепті кезеңде 41 мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімінің бұзылу фактісі орын алған жоқ.