Тасқала ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

2024 жылдың 3 наурызында Тасқала ауданы Амангелді сайлау округі бойынша Амангелді ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14- бабының 9 тармақшасына, 44- бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10- бабына сәйкес, Тасқала ауданы Амангелді ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Амангелді сайлау округі

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 819 азамат енгізілді, оның – 511 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 23, «Барлығына қарсы» - 17.

         Әр бір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Боранбаев Н.У 42 (8,9%)

Кәкімғалиева З.Н - 39 (8,3%)

Хайршақов Ә.Қ - 390 (82,8%)

         Хайршақов Әсет Қозы-Көрпешұлы 1991 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылы тұрғыны, «АМАNАТ» партиясынан ұсынылған, Амангелді ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы