Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Тасқала аудандық мәслихатының «Тасқала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 21 ақпандағы
№ 44-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6059 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Тасқала ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы»;
1 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тасқала ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.