Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Тасқала аудандық мәслихатының «Тасқала ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» 2014 жылғы 23 желтоқсанындағы № 29-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3740 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері оқу жылы ішінде ай сайын әрбір мүгедектігі бар балаға бес айлық есептік көрсеткішке тең.».
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.