Тасқала ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 125 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Тасқала ауданы әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» 2019 жылғы 28 мамырдағы № 125 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5691 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
12 июля 2023