Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы
1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес, Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тасқала ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Тасқала ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.