Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 253288 – 298638 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесін (бұдан әрі – бөлімше) жалпы басқаруды жүзеге асырады;бөлімшенің жұмыс істейтін аумағында тұратын арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж азаматтарды анықтау және есепке алу жұмысын жүргізуді қамтамасыз етеді; бөлімше қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады; әлеуметтік көмек түрлері мен нысандарын айқындау, қажеттілікті белгілеу мақсатында жалғызілікті қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың, еңбекке қабілетсіз азаматтардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеру жұмысын ұйымдастырады; әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың дерекқорын қалыптастырады; халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес бөлімше мамандарының жұмыс көлемі мен қызмет көрсетілетіндердің санын айқындайды; көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің көлемі және сапасын және олардың қызмет көрсетілетін азаматтардың қажеттіліктеріне сәйкестігін, бөлім қызметкерлері жұмысының тиімділігін ұдайы бақылауды жүргізеді; бөлімше жұмысын талдау және болжауды жүргізеді, оның қызметін жақсарту шараларын қабылдайды; мұқтаж азаматтардың стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында жұмыс істейтін мекемелерге немесе ұйымдарға арнайы түзету, оңалту мекемелеріне немесе ұйымдарына орналастыруға жәрдемдеседі; бөлімше клиенттеріне әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері бойынша денсаулық сақтау, білім беру, қайырымдылық және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; халыққа, оның ішінде мұқтаж адамдарға құжаттарын ресімдеуде консультациялық көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырады; қамқоршылық, қорғаншылық мәселелерін шешуге қатысады; жұмыстың халыққа арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған жаңа нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді; қажетті есеп беруді, статистикалық мәліметтердің дәйектілігін қамтамасыз етеді; ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы қағидаларының, өртке қарсы нормалар талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Мыналарды білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын; Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексті; Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексті; Еңбек кодексін; Әлеуметтік кодексін; Тіл туралы заңды; Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңды; Баланың құқықтары туралы заңды; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды; Мемлекеттік сатып алу туралы заңды; халықты әлеуметтік қорғау саясатының негізгі бағыттарын; ұйым бейінін, мамандануы мен ерекшеліктерін; әлеуметтік қызмет түрлерін; әлеуметтік жұмыс теориясы мен әдістемесін; қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруды; әлеуметтік жұмыс негіздерін; социология негіздерін, жеке тұлға психологиясын және зейнеткерлік жастағы адамдарға және мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға тәрбиелеп отырған отбасыларға көмектің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін; үй жағдайында науқасты күту жөніндегі санитариялық-гигиеналық талаптарды; соғыс және еңбек ардагерлері үшін белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды; әлеуметтік түрлі ортада жұмыс істеу ерекшеліктерін; педагогика, психологиялық профилактика, этика және деонтология, психопатология негіздерін; қорғаншылықты және қамқоршылықты, үйде қызмет көрсетуді ресімдеу мәселелері жөніндегі әдістемелерді; үйдегі әлеуметтік көмекті ұйымдастыру жөніндегі озық отандық және шетелдік тәжірибені; шарттар жасау және орындау тәртібін; салық және бюджет заңнамасының негіздерін; қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыруды; Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.
Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық, экономикалық, заң) білім және ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
1)қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2)жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3)кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6)"Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.
Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
Әңгімелесуді өткізу орны: Тасқала ауданы, Қ. Рысқұлбеков көшесі, 1, «Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар қоса берілген құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжат тігілетін папкаға салынған күйінде конкурс өткізілетіні хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымында жарияланған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Қ. Рысқұлбеков көшесі, 1, Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, эл. пошта taskala_sobes@mail.kz. Анықтама алу үшін телефон: 22-2-97, 21-9-82.