Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің
сайлауын 2024 жылғы 3 наурызға тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2-, 3- тармақтарына сәйкес Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 3 наурызға тағайындалсын.
- 2024 жылғы 3 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы қаулының көшірмесі Тасқала ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы қаулы Тасқала ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және сайлау болатын күн туралы хабар аудандық «Екпін» қоғамдық–саяси газетінде жариялансын.
Төраға Д.Баишева
Хатшы Б.Кадыров