2023 жылдың IV тоқсанына бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша ақпарат:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу мақсатында аудан әкімі аппараты басшысының 2022 жылдың 6 желтоқсандағы №37 бұйрығымен «2023 жылға Тасқала ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуы бойынша ішкі бақылау іс шараларын жүргізу жоспары» бекітілді.
Бекітілген жоспарға сәйкес 2023 жылдың IV-тоқсанында 1 жергілікті атқарушы органда ішкі мемлекеттік бақылау іс-шарасы жүргізілді. Тасқала аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы аудан әкімдігіне бағынысты мекеме болмағандықтан, ішкі бақылау іс-шарасы жүргізілген жоқ. Жүргізілген ішкі бақылау іс-шарасының нәтижесі бойынша 9 заң бұзушылық анықталды. Олар:
Кемшіліктерге жол берген Мерей ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Н.Усагалиев «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Тексеріс нәтижесі бойынша 3 ұсыныс беріліп, 2 ұсыныс орындалды, 1 ұсынысты орындау бойынша жоспар жасақталды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 6 оған 185 тұрғын тартылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру және қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік органдардың әлеуметтік желідегі парақшаларында және аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында 4 мақала, аудандық «Екпін» қоғамдық-саяси газетінде 1 мақала жарияланды.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында 200 жадынама таратылып, 180 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілген қызметтерге мониторинг жүргізу нәтижелеріне сәйкес аудан әкімі аппараты, 9 ауылдық округ, 7 аудандық дербес бөлімдерімен барлығы 463 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:
- қағаз түрінде –1 қызмет;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде –22 қызмет;
- Қызметті берушілердің ақпарттық жүйелері (Е-собес, рынок труда, , ИС Загс, Единая информационная система социально-трудовой сферы, kezekte, E-Qazyna.kz ) арқылы – 89 қызмет;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы, «Е-Лицензиялау» арқылы электронды түрде – 234 қызмет көрсетілді.
Есепті кезеңде 30 мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартылды
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөнінде көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар болған жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімінің бұзылу фактісі орын алған жоқ.