Сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындық туралы
Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып, сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығына, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігіне мониторинг жүргізді.
Сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған үй-жайлар Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген Нұсқаулығына сәйкес жабдықталған.
Сайлау учаскелерінде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар, комиссия құрамдары, жоғары тұрған комиссия, сот, прокуратура органдарының телефондары туралы қажетті ақпараттар, дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері бар стендтер ілінген.
Сайлау учаскелерінде пандустар, тактильді белгілер орнатылған, мүгедектігі бар адамдарға арналған бұрыштар компьютермен, үлкейткіш әйнек (лупа), трафарет, мемлекеттік және орыс тілдерінде дыбыстық бюллетеньмен жабдықталған.
Сайлау комиссиялары сайлау өткізуге дайын.