2023 жылдың 5 қарашаға тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің сайлауына Альбек Тлегенович Ергазиев 2023 жылдың 28 қыркүйегінде өзін- өзі ұсыну тәртібімен Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды.
Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кандидаттың сәйкестігі туралы сұрауына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақтан облысы бойынша департаменті кандидат А.Ергазиевтің біліктілік талаптарында көзделген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес еместігі туралы хабарлады.
Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылы 3 қазан күні «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 бабының 2 тармақшасы негізінде Тасқала ауданы әкіміне кандидат А.Ергазиевтің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкес еместігін анықтады. 2023 жылдың 10 қазанда тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданды.
Қабылданған шешіммен келіспеген А.Ергазиев Батыс Қазақстан облысы бойынша мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотына арыз берді.
2023 жылдың 11 қазандағы Батыс Қазақстан облысы бойынша мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.
Сот талқылауының қорытындылары бойынша Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қабылданған шешімінің заңдылығын растайды.