2023 жылдың III тоқсанына бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша ақпарат:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу мақсатында аудан әкімі аппараты басшысының 2022 жылдың 6 желтоқсандағы №37 бұйрығымен «2023 жылға Тасқала ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуы бойынша ішкі бақылау іс шараларын жүргізу жоспары» бекітілді.
Бекітілген жоспарға сәйкес 2023 жылдың III-тоқсанында 2 жергілікті атқарушы органда ішкі мемлекеттік бақылау іс-шарасы жүргізілді. Нәтижесі бойынша заң бұзушылық анықталмады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын және тұрғындардың қолжетімділігін арттыру мақсатында есепті кезеңде 35 адамды қамтыған 3 семинар және аудан әкімдігінің фейсбук парақшасында 240 адамды қамтыған 4 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің онлайн жәрмеңкесі өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында 150 жадынама таратылып, 100 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілген қызметтерге мониторинг жүргізу нәтижелеріне сәйкес аудан әкімі аппараты, 9 ауылдық округ, АХАЖ қызметі мен 7 аудандық дербес бөлімдерімен барлығы 595 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде –10 қызмет;
- Қызметті берушілердің ақпарттық жүйелері (Е-собес, рынок труда, , ИС Загс, Единая информационная система социально-трудовой сферы, kezekte, E-Qazyna.kz ) арқылы – 119 қызмет;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы, «Е-Лицензиялау» арқылы электронды түрде – 412 қызмет көрсетілді.
Есепті кезеңде 48 мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартылды
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөнінде көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар болған жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімінің бұзылу фактісі орын алған жоқ.