Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес 2023 жылғы 4 қазан күні "Қазақстан Халық Партиясы" қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұсынуымен Тасқала ауданы әкіміне кандидат Тукжанов Бекжан Нурланович аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарды тапсырды.
Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Тасқала ауданы әкімі лауазымына кандидаттардың Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңы және "Мемлекеттік қызмет туралы" заңы бойынша сәйкестігін айқындайтын болады.
Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы