Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес 2023 жылғы 28 қыркүйек күні өзін-өзі ұсыну жолымен Тасқала ауданы әкіміне кандидат Ергазиев Альбек Тлегенович аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарды тапсырды.
Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Тасқала ауданы әкімі лауазымына кандидаттардың Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңы және "Мемлекеттік қызмет туралы" заңы бойынша сәйкестігін айқындайтын болады.
Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы