Қазақстан ауылдық округі бойынша сайланған әкімін тіркеу туралы Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес, 2023 жылдың 13 тамыз  күні Қазақстан ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14- бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 15 тамыздағы №42 шешімімен Ибрагимов Эрнар Құрамсұлы, 1979 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынды, Қазақстан ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

 

          Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
15 августа 2023