Тасқала ауылы «_____»_________2023 ж.
Осы аудан әкімдігі, жұмыс беруші және кәсіподақ арасындағы арасындағы өнідірістік үдерістер тұрақтандыру, жұмысшыларды еңбек құқығымен және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы осы меморандум (бұдан әрі – Меморандум) бұдан әрі бірлесе «Тараптар» деп аталатын:
- Аудан әкімі атынан аудан әкімдігінің (бұдан әрі - Әкімдік) атынан өкілі, («Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы) _____________________
- Ұйым, кәсіпорын (бұдан әрі – жұмыс беруші), басшы тұлғасында _____________________
- Қызметкерлер ұжымынан (бұдан әрі-кәсіподақ) өкіл, ________________ бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталады.
Осы Меморандум арқылы тараптармен төмендегідей келісілді:
І бап. Меморандум мақсаты
Меморандум мақсаты – өндіріс кешенінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтау және жұмысшылардың жұмыспен қамтылуы бойынша шаралар қабылдау болып табылады.
ІІ бап. Өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, жұмысшыларды еңбек құқығымен және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар
Жұмыс берушінің міндеттемелері:
- Өндірістік шаралар – кәсіпорындағы технологиялық үдерістердің қалыпты қызмет етуі үшін өндірістік параметрлерді анықтау, дайын өнімді өткізу.
- Өндірістік шығындарды төмендету – шығынды азайту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, ақшалай қаражатты үнемдеу, өндірісті жаңғырту бойынша шаралар.
- Жұмыс көлемі қысқарған жағдайда кәсіподақпен (жұмысшылардың өкілдерімен) келісе отырып, жұмыс орнын сақтау үшін барлық мүмкіндіктерді, соның ішінде толық емес жұмыс режимін енгізуді қарастыру.
- Экономикалық, өндірістік сипаттағы себептермен жұмыс уақытша тоқтаған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген әлеуметтік қорғаудың шараларын қолдану.
- Аудан әкімі аппараты мен кәсіподаққа мәлімет беру:
1) Санының немесе штатының қысқартылуына байланысты босатылу туралы, жұмысшылардың саны және категориясын, босатылуы мүмкін жұмысшылардың мамандығы, біліктілігі, еңбекақы көлемі және босатылу мерзімі туралы босатылу басталғанға дейін екі айдан кем емес уақытта;
2) Өндірісті ұйымдастыруға байланысты толық емес жұмыс режиміне көшу барысында болатын жұмыс жағдайының өзгеруі, соның ішінде қайта құру және (немесе) жұмыс берушіде жұмыс көлемінің қысқартылуы туралы бір айдан кем емес уақытта;
3) Бос орындар (бос лауазымдар) туралы жұмыс орны пайда болған уақыттан бастап үш күн ішінде.
- Жұмысшылардың қысқартылуын болдырмау мақсатында уақытша жұмыс орындарын ашу, сонымен қатар қайта оқыту шараларын алу.
- Жаңа өндіріс және жұмыс орындары пайда болған жағдайда ұсынылған біліктілік талаптарына сәйкес келуіне байланысты бұрын босатылғандар ішінен кандидаттарды қарау.
- Жұмысшыларға еңбекақыны уақытында төлеуді қамтамасыз ету.
- Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау, әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссияның шешімін, шешімін, әлеуметтік серіктестік бойынша бас, салалық, аймақтық келісімдердің, ұжымдық шарттың міндеттерін орындау.
- Жалпыға ортақ басқа да міндеттер.
Әкімдіктің міндеттемелері:
- Осы Меморандумның жүзеге асуы бойынша бірлескен жұмыстарды үйлестіру.
- Кәсіпорының өндірістік қызметінің келеcі мәселелерін шешуге, инвестиция тарту және инновацияларды енгізу үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған шаралар қабылдау.
- Ай сайын жұмыс берушінің және кәсіподақтың қатысуымен әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссияда болжамды жағдайды және ұсынылатын шараларды қарау.
- Кәсіптік оқытуға және аймақтық еңбек нарығына қажетті мамандарды қайта даярлауға жәрдемдесу.
- Жұмыс беруші мен кәсіподақпен бірлесе отырып еңбек ұжымында өндірістік қызметтің тұрақтылығы мен әлеуметтік еңбек шиеленістерінің болу қаупін алдын алу бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу.
- Босатылған әрбір жұмысшы жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында әрекет етуші заңнама шеңберінде барлық мүмкін және қолжетімді шараларды қабылдау.
- Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау, әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссияның шешімін, әлеуметтік серіктестік бойынша бас, салалық, аймақтық келісімдердің, ұжымдық шарттың міндеттерін орындау.
- Осы Меморандумға сәйкес жұмыс берушімен кәсіподақ міндеттерін қамтасыз ету үшін консультациялар өткізуде эксперттік көмек қөрсету.
- Жалпыға ортақ басқа да міндеттер.
Кәсіподақтың міндеттемелері:
- Тұрақтылықты сақтау және әлеуметтік еңбек шиеленістерін болдырмау мақсатында еңбек ұжымында кәсіпорын әкімшілігі және мемлекеттік органдармен өндірістік үдерісті тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы түсінік жұмыстарын жүргізу.
- Жұмысшылардың ішкі еңбек тәртібін сақтауға жәрдемдесу.
- Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау, әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссияның шешімін, әлеуметтік серіктестік ұжымдық шарттар бойынша бас, салалық, аймақтық келісімдердің, міндеттерін орындау.
- Әлеуметтік еңбек шиеленістерінің алдын алу және кәсіподақ мүшелерімен ереуілдер, бейбіт жиындар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртібін сақтау бойынша шаралар қабылдау.
- Жалпыға ортақ басқа міндеттер.
ІІІ бап. Қорытынды ережелер
- Осы Меморандумға қол қойған әр тарап өз құзыреті шегінде жауапкершілігін мойындайды, өзара келісім және болған уағдаластық қағидалары бойынша мәселелерді шешуде ынтымақтасуға міндеттеледі.
- Осы Меморандум ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде даулар және келіспеушіліктер туындаған жағдайда тараптар консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы шешеді.
- Осы Меморандум бірдей заңды күші бар үш данада жасалады, әр тарапқа біреуден тапсырылады.
- Меморандумға барлық өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімімен консультациялар мен келіссөздер арқылы енгізіледі.
- Осы Меморандум тараптармен қол қойылғаннан кейін күшіне енеді.
Осы Меморандумға қол қойғандар:
Аудан әкімдігі
(«Тасқала аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы») _______________________
Ұйымның (кәсіпорынның) атауы _______________________
«Кәсіподақ ұйымы» (қызметкерлердің өкілдері) _______________________