2023 жылғы 4 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Қазақстан ауылдық округі әкімінің сайлауында Қазақстан ауылдық округі әкіміне кандидаттардың сайлауалды пікірсайыс өткізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/198 қаулысына сәйкес Тасқала аудадық аумақтық сайлау  комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. 2023 жылы 4 тамызда Тасқала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шыңықтыру және спорт бөлімінің «Тасқала аудандық мәдениет демалыс орталығы» МКҚМ-нің Атамекен ауылының мәдениет үйі залында (келісім бойынша) Қазақстан ауылдық округі әкіміне кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
  2. Осы шешім Қазақстан ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттарына жеткізілсін.
  3. Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссия төрағасының  орынбасары  Г.Мухамбеткалиеваға  жүктелсін.

 

 

Тасқала  аудандық  аумақтық

сайлау комиссия төрағасы                             А.Нұрмаков

Дата публикации
24 июля 2023