Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес, Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 21 шілде күні Қазақстан ауылдық округінің әкімі лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:

1.Белгин Нұрбол Жақыпұлы 1992  жылы туған, Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль бөлімі, тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылында тұрады, өзін- өзі ұсынды.

  1. Ибрагимов Эрнар Курамсович, 1979 жылы туған, ЖШС «AccuTest», құрылыс зертханасының меңгерушісі, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында тұрады, өзін- өзі ұсынды.
  2. Сарсенов Алибек Уренович 1964 жылы туған, «Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Атамекен ауылында тұрады, өзін- өзі ұсынды.

4.Шатенова Тогжан Сансызбаевна 1981 жылы туған, «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» ММ, аппарат басшысы, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылында тұрады, өзін- өзі ұсынды.

Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
21 июля 2023